Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бір құрбандық мал неше адамның атынан жарамды бола...

Бір құрбандық мал неше адамның атынан жарамды болады?

Әлеумет 15.06.2024, 14:35 651
Бір құрбандық мал неше адамның атынан жарамды болады?
интернет

Қой мен ешкі бір адамның атынан бауыздалады.

Ал, түйе мен қарамал бір адамның атынан да, жеті адамның атынан да сойылуына болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бірақ жеті адамнан асып кетуге болмайды[1].

Бұған Жабирдің (одан Алла разы болсын):

نَحَرْنا مع رسولِ اللهِ صلَّى اللهُ عليه وسلَّم عامَ الحُديبيةِ: البَدنةَ عن سَبعةٍ، والبَقرةَ عن سَبعةٍ

«Алла елшісімен бірге Худайбияда бір түйені жеті адамның атынан, бір қарамалды жеті адамның атынан бауыздадық»[2], – деп айтқан сөзі дәлел.

Алайда түйе мен қарамалды құрбандыққа шалуға біріккен кісілердің барлығының ниеті құрбандық құлшылығын өтеу мақсатында болуы керек. Егер олардың біреуі құрбандыққа тек ет алу ниетімен қосылса, барлығының құрбандығы құрбандық ретінде саналмайды[3]. Ал құрбандық, қиран[4], таматтуғ[5], ақиқа[6], нәзір[7] құрбандығын ниет етіп қосылуға болады. Бастысы бұлардың барлығының ниеті құлшылық мақсатында болуы шарт[8].

«Құрбандық пәтуалары» кітабынан

[1] «әл-Мәбсут», 6/171.

[2] Муслим,  №1318.

[3] «әл-Фәтәуа әл-Һиндия», 5/375.

[4] Қиран  – қажылықты өтеудің бір түрі. Онда алдымен умра жасап, одан кейін ихрам халінен шықпай, ихрам киімін шешпестен қажылық уақытын күтеді. Қажылық уақыты басталғанда алғашқы ихрамымен қажылығын жалғастырады. Яғни қажылыққа умраны қосу арқылы екі ғибадатты бір ихраммен өтеу.

[5] Тәмәттуғ (таматтуғ)  – қажылықты өтеудің бір түрі. Онда алдымен умра жасап, одан кейін ихрам халінен шығады. Одан кейін қажылық уақытына дейін оған ихрам кезінде тыйым салынатын барлық нәрселер рұқсат етіледі. Қажылық уақыты басталғанда қайтадан ихрамға кіріп қажылығын жалғастырады.

[6] Ақиқа – араб тілінде «туылған нәрестенің шашы» дегенді білдіреді. Ал, шариғаттағы мағынасы: «Ол – сәбидің дүниеге келуіне орай Алла Тағалаға шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандық».

[7] Нәзір құрбандығы – ол белгілі шарттардың орындалуына байланысты мұсылман баласы бір малды құрбандыққа шаламын деп уәде етіп, уәденің уақыты келгенде шалатын малға айтылады.

[8] «Бәдәиу әс-сәнәйығ», 4/198.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрбандық #адам #ҚМДБ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.