ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Бір жылда үш рет адамдарды құтқарып, ерлік жасаған...

Бір жылда үш рет адамдарды құтқарып, ерлік жасаған патруль марапатталды

Оқиға 12.11.2022, 05:30 1,133
Бір жылда үш рет адамдарды құтқарып, ерлік жасаған патруль марапатталды
Сурет: Inform.kz
Ішкі істер министрі Астана қаласы полиция департаментіне барып, елордалық сақшылармен кездесті. Мұнда Марат Ахметжанов әріптестерінің жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz...

Ішкі істер министрі Астана қаласы полиция департаментіне барып, елордалық сақшылармен кездесті. Мұнда Марат Ахметжанов әріптестерінің жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.






Тергеу мен криминалдық полиция басқармаларының қызметкерлерімен сөйлесіп, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы мен электронды форматта іс жүргізуіне көңіл бөлді.


Жеке құраммен кездесуде полиция департаментінің басшысы қаладағы криминогендік жағдайға тоқталып, жалпы 10 айдың жұмыс қорытындысын бөлісті.



– Қылмыстың тіркелуі 9,6%-ға өскені байқалады. Бұл объективті себептерге және ең алдымен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты. Өсім негізінен мүліктік және тұрмыстағы қылмыстарға байланысты. Сонымен бірге биыл кісі өлтіру, зорлау, тонау, қарақшылық және бұзақылық сынды қылмыстардың саны төмендеді, – деді Астана қаласы ПД бастығы Марат Төлебаев.



Министр қызмет жетекшілеріне, учаскелік және патрульдік полиция инспекторларына қойылатын талаптарды еске салып, қоғамдық тәртіпті сақтауда азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңдылықтың толықтай сақталуын қадағалауды тапсырды.


Сондай-ақ бірқатар проблемалық мәселелерге назар аударды.



– Өзгерістер бірінші басшыдан болуы керек. Басшының көзқарасы, жұмыс стилі өзгеруі керек. Бірінші талап көрсеткіш емес, тіркелген қылмыстың саны өсті деп сіздерге ешқандай талап қойып жатқан жоқпын. Объективті түрде көрсету керек оны. Жасырмауымыз керек жағдайды. Біз айтамыз ғой, проблема шешуге бағытталған тәсілдер деп, демек проблема бар, оны анықтап, көрсетіп, оның негізгі көзін жою үшін жұмылып жұмыс істеуіміз керек. Әрине, бұл Астана, мұнда адам саны өсіп жатыр, тіркелмеген қаншама азаматтар бар. Егер қылмыстың шығу себебін біліп отырсаңыздар, соған шара қолдану керек. Өлшемдердің өзгеруі деген осы, – деді ішкі істер министрі.



Астана қаласының өзге өңірлерге үлгі болуы керектігін алға тартқан ведомство басшысы жиында қызметімен көзге түскен 12 қызметкерді грамота, төсбелгі, медальмен марапаттады.


Атап өту керек, марапатталғандардың арасында көпірден секірген ер адамды құтқарған патрульдік полиция қызметкерлері Самат Сәбит, Сәкен Тасқын мен Ринат Мұхамеджанов та бар.


Оларға «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.