Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бір жылда қанша қазақтың елге оралғаны белгілі бол...

Бір жылда қанша қазақтың елге оралғаны белгілі болды

Әлеумет 22.10.2022, 05:07 1,195
Бір жылда қанша қазақтың елге оралғаны белгілі болды
Сурет: Kzvesti.kz

13 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды.


Қазақстан Үкіметі бір жылда қанша қазақтың елге оралғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, 13 362 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 101,2 мың этникалық қазақ оралды», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (68,7%) Өзбекстаннан, 10% – ҚХР-дан, 7,9% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,8% - басқа елдерден.


Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Маңғыстау (16,7%), Түркістан (9%) және Жамбыл (6,5%) облыстарында, сондай-ақ, Астана (7,8%), Шымкент (7,3%) және Алматы (5,8%)қалаларында қоныстанды.


Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 27,5%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.


Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 13,2%-ы жоғары білімді, 38,9%-ы арнайы орта білімді, 46%-ы жалпы орта білімді және 1,8%-ының білімі жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қандас #Қазақстан #Еңбекмині
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.