ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Бір жылда 3 жасқа дейінгі балалардың ағзасынан 80-...

Бір жылда 3 жасқа дейінгі балалардың ағзасынан 80-нен астам бөгде заттар шыққан

Медицина 27.05.2022, 06:41 1,789
Бір жылда 3 жасқа дейінгі балалардың ағзасынан 80-нен астам  бөгде заттар шыққан
Сурет: Tengrinews.kz
"Дауылпаз" дәрігер - балалар өмірінің арашашысы.

"Дауылпаз" дәрігер - балалар өмірінің арашашысы.


Бір жылда 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің ағзасынан 80-нен астам ине, ойыншық, тиын секілді бөгде заттар шыққан. 


Бұл туралы «Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығының» дәрігерлері мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.


Олардың айтуынша, өміріне қауіп төнген балаларды көбіне Мұрат есімді хирург емдейді. Себебі оның біліктілігіне, әріптестерінің айтуынша, тең келер маман жоқ. Екі жастағы бүлдіршіннің анасы Әлиман сол күнді қорқынышпен еске алады. Бүлдіршін ойнап отырып, тиын жұтып қойған. Содан темір зат тыныс алу мүшесіне тұрып қалып, бала тұншыға бастаған.



«Қорқып, "жедел жәрдем" шақырдық. Содан осы қалалық жедел жәрдем ауруханасына алып келді», – деді қала тұрғыны Әлиман Әмірова.



Сол сәтте ауруханаға хирург Мұрат Дүйсебаев та шұғыл жетеді. Содан бұл баланы өзі қабылдап, аман алып қалады. "Дауылпаз" дәрігер 5 жыл ішінде жүздеген ота жасап, қолында адам өлмеген. Оның біліктілігіне әріптестері де тәнті.



«Мұрат Талғатұлын балаларға көмек көрсету үшін ауруханамызға шақыртамыз. Кейде күніне 2 рет, тіпті, күн сайын шақырамыз», – деді «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» МКК бөлім меңгерушісі Мейіржан Құрманәлиев.



Мұраттың айтуыншы, бала ішінен тиын алып шығу қалыпты жағдайға айналған. Алайда бүлдіршін магнит немесе сірке суын жұтса, өмірін сақтап қалу қиынға түседі екен.



«Жаман нәрсе болды. Қазір өңештің күюімен ауруханаға көп түсіп жатады. Өңеш күйсе, тыртық қалып, жабысып, ота жасауға дейін барады», – деді балалар хирургі Мұрат Дүйсебаев.



Талай жанды аман алып қалған хирург ата-аналардың да баласына бейжай қарамауын сұрайды. Ол майда-шүйденің өзі талайдың тағдырын талқандап, балаға зар қылғанын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.