AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір азамат өз атына неше шетелдік көлік заңдастыра...

Бір азамат өз атына неше шетелдік көлік заңдастыра алады?

Әлеумет 15.12.2022, 11:46 1,036
Бір азамат өз атына неше шетелдік көлік заңдастыра алады?
almaty-akshamy.kz

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев бір азамат өз атына неше шетелдік көлік заңдастыра алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Шетелден әкелінген көлікті заңдастыру үшін оның иесі міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болу керек. Ал бір азаматтың атына неше көлік заңдастыру керек деген келсек, саны бойынша ешқандай шектеу жоқ», - деді Комитет басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.



Бұл үшін заңдастыруға жататын көлік мынадай үш талапқа сай болуы керек:


Біріншісі – автокөлік іздеуде болмауы керек.


Екіншісі – кедендік тазартудан өткен болуы керек.


Үшіншісі – 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктер болуы қажет


Сондай-ақ, ол техникалық ақауы бар көлікті заңдасытыру үшін жөндеу міндетті екенін ескертті.



«Заңдастыруға жататын көліктің «жасына», экологиялық класына, рулінің қай жағында орналасқанына байланысты ешқандай тыйым жоқ екенін тағы қайталап айтамын. Ал техникалық жағдайына келсек, тіркеу кезінде техникалық бақылаудан өткіземіз. Егер көліктің техникалық тұрғыдан ақауы бар боп шықса,оны тіркеуге қоя алмайтын шығармыз. Жол қозғалысына тек техникалық ақауы жоқ көліктер ғана қатысуы керек. Техникалық байқау деген сол үшін керек. Бірақ бұл біз ондай көлікті тіркеуден бас тартамыз деген сөз емес. Иесі оны жөндеп, ақауды жойып, қайтадан тіркеу пунктіне жүгіне алады. Ақау шынымен жойылған болса, көлік тіркеуге қойылады», - деді Қайсар Сұлтанбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #авто #Заңдастыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);