ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетед...

Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

Әлеумет 22.10.2023, 05:03 1,071
Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді
«Әділетті Қазақстанның» негізгі тұжырымдамасы – ұлттық байлық әділ бөлінуі тиіс. Заң алдында барлығы бірдей және Конституцияның үстемдігі қамтамасыз етіледі. Әрбір азаматтың тең мүмкіндіктері бар,...

«Әділетті Қазақстанның» негізгі тұжырымдамасы – ұлттық байлық әділ бөлінуі тиіс. Заң алдында барлығы бірдей және Конституцияның үстемдігі қамтамасыз етіледі. Әрбір азаматтың тең мүмкіндіктері бар, экономика әркімнің және барлық жерде әл-ауқаты үшін жағдай жасайды. Кәсіби және жинақы мемлекеттік аппарат өз халқына қызмет етеді. Сондай-ақ, ұлттық мүдделер халықаралық аренада қорғалады, қауіпсіздік және басқа да маңызды аспектілер қамтамасыз етіледі.


Ел Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып отырған Әділетті Қазақстан жобасының халыққа берері мол, маңызы зор. Соңғы жылдарда халықтың әлауқатын көтеруге бағытталған бағдарламалар: жағдайы жоқ отбасыларға берілетін қаржы көлемінің артуы, зейнеткерлердің зейнетақысын ұлғайту, карантин кезеңдерінде халыққа төленген қаржылай көмек, аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға бір реттік кредиттік амнистия, студенттердің шәкіртақысын арттыру, ұстаздардың айлығын көбейту секілді игі іс-шаралар атқарылып келеді.



2024 жылдан бастап 18-ге толмаған әрбір қазақстандыққа дербес шот ашылып, оның қорына қаржылай көмек аудару жоспарланып отыр. Одан басқа да Үкіметтің қайта жасақталуы, халықтың мүддесін ойлайтын басшылардың келуі, жаңа депутаттардың жасақталуы, халықаралық қарым-қатынастарды оң бағытта реттеу, елде бейбітшілік пен татулықты сақтау мақсатында халықаралық кездесулер, келіссөздер жүргізу сияқты Мемлекет басшысының тарапынан жүзеге асырылып жатқан істер аз емес.



Елдегі экономикалық жағдайдың артуы мен ел болашағы тек қана басшылықтың құзыретіндегі мәселе емес, халықтың бірлігі мен ынтымағын сақтау – әрбір азаматтың борышы. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан білім гранттары мен басқа қаржылай гранттар ел болашағына жасалған инвестиция, елдің жарқын болашағының кепілі. Міне, о сы ат алмыш іс-шаралардың жолға қойылуы – Әділетті Қазақстанды құрудың басты қадамдарының бірі. Осындай игі іс-шаралармен қатар, халықтың рухани даму мен ішкі және сыртқы мәдениетке назар аударуы, білімділікке ұмтылуы елдің әл-ауқатын арттыратын болады.



Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді Еліміздің әлеуетінің көтеріліп, халықтың жағдайының артуы болашақ үшін маңызды рөл атқарады. Әділетті Қазақстанның көркеюіне өз үлесімізді қосу – саналы ұрпақтардың міндеті.



Әділетті қоғамның парасатты ұрпақтарының жарқын болашағына шынайы сенеміз. Еліміз көркейе берсін, алар асуларымыз көп болсын!



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,312 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.