ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім саласындағы жемқорлық қай өңірлерде өршіп тұ...

Білім саласындағы жемқорлық қай өңірлерде өршіп тұр?

Білім және ғылым 28.04.2023, 10:55 2,238
Білім саласындағы жемқорлық қай өңірлерде өршіп тұр?
ҚР Оқу-ағарту министрі Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

ҚР Оқу-ағарту министрі Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.


Жұмыс сапары барысында Жаңақорған ауданында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оған өңірдегі білім беру ұйымдарының 1100 басшысы, бухгалтерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.


Министр білім беру жүйесінде қабылданып жатқан шаралар мен білім сапасын арттыруға баса назар аударды.


«Министрліктің басым міндеттерінің бірі - білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту. Мықты басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы әзірленуде. Барлығы ашық әрі айқын болу үшін жоғары білікті педагогтер базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру жоспарлануда», - деді Ғани Бейсембаев.

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және цифрлық технологияларды қолдана отырып шешу жолдарына тоқталды.


Сондай-ақ қазіргі жағдай туралы Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары баяндама жасады.


Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында министрлік аумақтық бөлімшелер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, әкімдіктер мен мәслихаттар депутаттары және қоғам өкілдерін тарта отырып мониторинг топтарынқұруды ұсынды.


Барлық облыстық білім басқармалары, аудандық, қалалық білім бөлімдерін қамтитын «білім аудитін» өткізу жоспарланған.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі еліміздің барлық білім беру ұйымдарында аудит жүргізу туралы шешім қабылданды.


Бірлескен талдаудың басталуына білім беру саласындағы түрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар себеп болды.


Олардың басым бөлігі Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында.


Кеңес қорытындысы бойынша білім саласындағы қазіргі жағдайды өзгерту үшін кешенді шаралар қолдану жөнінде шешім қабылданды.


Ол - білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және қаржылық тәртіпті күшейту.


Айта кету керек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.