AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім саласындағы «Жаңа өзгерістердің 1000 көшбасш...

Білім саласындағы «Жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы» немен айналысады?

Білім және ғылым 08.01.2024, 05:05 1,873
Білім саласындағы «Жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы» немен айналысады?
Сурет: Gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен «Жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы шеңберінде республикалық кадр резервіне қабылданған кандидаттардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оған білім беру ұйымдарының басшылары лауазымынан үміткер 208 адам кірді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдан бастап президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау тетігін әзірлеу және бекіту жөніндегі жобаны іске асыруда.


Бастапқы кезеңде барлығы 8068 өтінім түсті. Үміткерлер құзыреттіліктерін бағалау үшін тестілеуден өтті. Екінші кезеңде – үш деңгейлі оқыту, үшінші кезеңде – елдің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, төртінші кезеңде – қорытынды бағалау және қорытынды кезеңде – министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесу болды. Барлық бес кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық кадр резервіне 208 кандидат өтті.


Іріктеудің барлық кезеңдерінен өткендерге сертификат беріледі. Оның негізінде үміткерлер конкурстық рәсімдерден өтпей-ақ бірінші басшының бос орнына тағайындалатын болады. Сондай-ақ, барлық кезеңдерден сәтті өткен және сертификат алғандарға «Жетекші-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі.


Жаңа буын менеджерлері жаңа мектептерді, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ошақтарын кадрлық жағынан қамтамасыз ету мәселесін шешуге жәрдемдеседі деп жоспарлануда.


Айта кетейік, бұл жоба биыл да жалғасады. Оған барлық тілек білдірген педагогтер қатыса алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім саласы #жоба #1000 көшбасшы #жаңа өзгерістер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);