ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі...

Білім қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі өтеді

Білім және ғылым 23.08.2023, 04:35 1,138
Білім қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі өтеді
Сурет: ашық дереккөз
Екі күнге жалғасатын панельдік және секциондық сессияда педагогтер мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіби, қосымша, инклюзивті білім беру, балалардың құқығын қорғау және сапалы біліммен...

Екі күнге жалғасатын панельдік және секциондық сессияда педагогтер мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіби, қосымша, инклюзивті білім беру, балалардың құқығын қорғау және сапалы біліммен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді талқылайды.


24-25 тамыз аралығында елдің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


24 тамызда өңірлерде өз тақырыптық бағыттарына сәйкес секциондық отырыстар өтеді:



• Мектепке дейінгі оқыту – Қызылорда облысы;


• Ауыл мектебі – Актөбе облысы;


• Оқуға құштар ұлт –Абай облысы;


• Инклюзивтік және арнайы білім – Қостанай облысы;


• Педагог мамандары – Солтүстік-Қазақстан облысы;


• Дарынды балалар - ұлт мақтанышы –Ұлытау облысы;


• Білім беру технологиялары – Алматы облысы;


• Балалардың демалуы мен сауығуы – Акмола облысы;


• Жайлы жағдай қалыптастыру – Астана қаласы;


• Балаларды қолдаудың тең мүмкіндігін қалыптастыру – Қарағанды облысы;


• Мектепте дұрыс тамақтануды ұйымдастыру – Алматы қаласы;


• Қосымша білім беру – Шығыс-Қазақстан облысы;


• Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие – Түркістан облысы;


• Білім беру саласында қауіпсіз ортаны қалыптастыру – Атырау облысы;


• Техникалық және кәсіптік білім беру – Павлодар облысы;


• Білім мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру – Маңғыстау облысы;


• Білім саласындағы бақылау және бағалау – Жамбыл облысы;


• Қаржылық-құқықтық тәртіп – Жетісу облысы;


• Білім саласындағы менеджмент – Батыс-Қазақстан облысы;


• Білім саласын сандық жүйеге көшіру – Шымкент қаласы.



25 тамызда 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық сессия онлайн режимде өтеді. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады. Форумның пленарлық сессиялары министрліктің, облыстық білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Facebook, Instagram және YouTube ресми парақшаларында таратылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.