AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Білім және ғылым министрлігі Алматы әкімдігіне бер...

Білім және ғылым министрлігі Алматы әкімдігіне берілетін қосымша өкілеттіктер туралы пікір білдірді

Әлеумет 24.03.2022, 04:29 1,532
Білім және ғылым министрлігі Алматы әкімдігіне берілетін қосымша өкілеттіктер туралы пікір білдірді
nur.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы әкімдігіне берілетін қосымша өкілеттіктер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Жуырда Мемлекет басшысы Алматы қаласының маңызды нысанының бірі – Оқушылар сарайында болды. Президент балалармен әңгімелесіп, онда жасалған жағдаймен және сарайдағы жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты. Алматыда қосымша білім беруді дамыту жұмыстары жақсы жолға қойылғанын атап өткім келеді.



Атап айтқанда:


- Қолданыстағы Оқушылар сарайын толықтай жаңғыртып қана қоймай, сонымен бірге заманауи екі инновациялық шығармашылық орталығы пайдалануға беріледі.


- Келесі жылы ескі ғимараттарды бұзып, 3 Оқушылар үйінің құрылысын салу жоспарланып отыр. Қазіргі күні жобалау жұмыстары басталып кетті.


- Мектептердің спорт алаңдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.


- Жас туристер мен натуралистер (табиғаттанушы) станциялары жаңартылады.


- Мемлекеттік білім беру, шығармашылық және спорттық тапсырыстар орналастырылуда.



Жалпы, қазіргі таңда Алматы қаласы әкімдігінде басқа өңірлермен салыстырғанда білім саласын дамытуда барынша біртұтас және дәйекті саясат жүргізіліп жатқанын мойындау керек» деп жазды министр Facebook парақшасында.


Сол себепті қала басшылығының саланы дамыту ұстанымын, мегаполистің қолда бар қаржылық мүмкіндіктері мен кадрлық әлеуетін ескере отырып, министрлік Алматы қаласының әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беру туралы шешім қабылдаған.



«Министрліктің нормативтік актілеріндегі арнайы шарттар мен құзыреттерді қарастырамыз. Сонымен қатар қаланың білім беру ұйымдары біздің негізгі инновациялық алаңдарымызға айналады. Өз тарапынан әкімдік барлық жаңа бастаманы қаржылай және ұйымдастырушылық жағынан қолдауға міндеттеме алады. Ал министрлік барлық жарияланған міндеттеменің орындалуын бақылауда ұстайды», - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Алматы #Аймағамбетов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);