AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысының» 2...

«Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысының» 20 қатысушысы жайлы мектеп директоры болып тағайындалды

Білім және ғылым 04.09.2024, 09:05 1,467 dulatbekova
«Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысының» 20 қатысушысы жайлы мектеп директоры болып тағайындалды
Сурет: Gov.kz

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысы» жобасы сәтті жалғасуда.

Бүгінгі таңда іріктеу мен дайындықтың барлық кезеңінен өткен 136 қатысушы директор болып тағайындалды. Оның ішінде 20 директор жайлы мектептерді басқарады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Биылғы жылы жобаның екінші кезеңі жүзеге асуда. Жыл басынан бері мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек ететін педагогтерден 13 796 өтінім қабылданған. Тестілеу нәтижесі бойынша келесі кезеңге 900-ге жуық үміткер өтті. Олар педагогикалық шеберлік орталығында «Өзгеріс көшбасшылары: заманауи білім беру ұйымын басқаруға жаңа көзқарас» тақыбыры аясында оқытудан өтуде. Әрі қарай әңгімелесу түрінде іріктеудің соңғы кезеңі ұйымдастырылады. Іріктеудің барлық 5 кезеңінен өткен қатысушылар республикалық кадр резервіне алынады.

«Оқудан, тағылымдамадан және әңгімелесуден өткен үміткерлерге сертификат беріледі. Соның негізінде одан әрі жұмысқа орналасу үшін олар кадр резервіне енгізіледі. Резервтегілер бірінші басшының бос лауазымына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады. Атап өтейік, барлық кезеңдерден сәтті өтіп, сертификат алғандарға «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі», - деп атап өтті Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Еске салайық, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісімен білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобаны іске асыруда. Үміткерлер 8 ай бойы құзыреттілікті бағалау, үш деңгейлі оқыту, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесуден өтеді. Резервке қабылданған жаңа буын басшылары кадр мәселесін шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар жаңа мектептерді, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерді де басқаруға құзыретті болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жайлы мектеп #Директорлар #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);