ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Биліктегі ауыс-түйіс: кім кетті, кім келді?

Биліктегі ауыс-түйіс: кім кетті, кім келді?

Билік 09.10.2025, 14:54 348
Биліктегі ауыс-түйіс: кім кетті, кім келді?
Коллаж: aqshamnews.kz
Биылғы саяси маусым бірқатар стратегиялық кадрлық ауыссыммен басталды. Кім кетті? Кім қалды?

Биылғы саяси маусым бірқатар стратегиялық кадрлық ауыссыммен басталды. Кім кетті? Кім қалды? Ақорда не дейді? Толығырақ aqshamnews.kz материалында. 

Президент жарлығымен бірқатар маңызды тағайындаулар жасалды:

  • Оқу-ағарту министрі болып 42 жастағы Жұлдыз Сүлейменова келді (бұрын Мәжіліс депутаты),
  • Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін Жаслан Мәдиев басқарды (вице-премьер қызметін қатар атқарады),
  • Сыртқы істер министрі болып Ермек Көшербаев тағайындалды.

Қызметінен кеткендер қатарында: 

  • Мұрат Нұртілеу; 
  • Тамара Дүйсенова;
  • Ернар Баспаев; 
  • Күнсұлу Закария;
  • Қанат Шарлапаев.

Ақорда не дейді?

Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай кадрлық өзгерістерді түсіндірді. 

Кейінгі кадрлық өзгерістерге байланысты БАҚ өкілдерінен көптеген сауал түскен. Оның айтуынша, бұл - әдеттегі кадрлық ротация. Негізгі мақсат - мемлекеттік жүйедегі ең маңызды бағыттардың тиімділігін күшейту.

"Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыруды басым міндеттің бірі ретінде белгіледі.

Бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді. Президенттің көмекшісі ретінде ол халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерімен, сондай-ақ әлемдік ірі компаниялардың жетекшілерімен байланысты дамытады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Мәдиев премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Ведомство басшысы Жолдауда айтылған Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі мақсатты іске асырумен шұғылданады. Президент министрге стратегиялық маңызы зор жұмысты атқаруға қатысты бағыт-бағдар берді.

Сонымен қатар премьер-министрдің келісімі бойынша Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованы оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындау туралы шешім қабылданды. Жаңа министр қоғамдағы белсенді қызметімен және білім беру саласындағы мол тәжірибесімен белгілі", - деп түсіндірді Руслан Желдібай.

Алматыда әкім Дархан Сатыбалды жаңа орынбасарлар тағайындады: 

  • Нұрлан Әбдірахым;
  • Алмасхан Сматлаев.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.