ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер...

Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер конкурсының жеңімпаздары анықталды

Мәдениет 02.10.2025, 19:23 474
Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер конкурсының жеңімпаздары анықталды
Самат Құсайынов
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында беделді Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаттары марапатталды.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында беделді Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаттары марапатталды.

Опера өнерінің үздігі атану үшін Қазақстан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, сондай-ақ Италияда жұмыс істейтін Украина мен Қазақстанның жас таланттарынан құралған 52 орындаушы бақ сынады. Финалдық турға 17 қатысушы өтті. Олардың өнерін әлемдік опера майталмандарынан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Шара барысында қазылар алқасының төрайымы КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, академик Бибігүл Ахметқызы Төлегенова ұйымдастырушыларға, демеушілерге және барлық қатысушыларға шынайы алғысын білдірді. Жобаның идеялық жетекшісі жеңімпаздың атын өзі жариялады.

Биылғы жылдың бас жүлдесін (Гран-при) Мәскеуден келген Софья Сакания иеленді.

20 жастағы әнші Бақытжан Байқадамұлының «Сүйген сәулем» әнін әсерлі орындауымен ерекшеленді.

«Мұндай ауқымды байқауда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Шыны керек, жеңімпаз атанамын деп ойлаған жоқпын. Өйткені, бәсеке өте жоғары болды. Бұл конкрусқа катысудың өзі мен үшін үлкен сынақ әрі ынталандыру болды. Бибігүл Ахметқызы – аңыз адам. Оны тірідей көру мен үшін үлкен бақыт. Әрине, бұл орасан зор тәжірибе, оркестрмен жұмыс, жаңа эмоция, күтпеген тосынсый… Бұл байқау маған үлкен мектеп болды», – деді Софья.

Конкурс лауреаттары

І орын:

• Алихан Бейсеков (Алматы)
• Екатерина Свиридова (Мәскеу)
• Мунхтувшин Хоролгорав (Ұлан-Батыр)
ІІ орын:

• Бекулан Ерболатұлы (Астана)
• Дильназ Омарханова (Астана)
• Севастьян Мартынюк (Красноярск)
ІІІ орын:

• Жандарбек Еркінбаев (Алматы)
• Хадича Имамназарова (Ташкент)
Дипломанттар

• Әбдрейім Әзиза (Алматы)
• Богдан Шевченко (Атырау)
• Аружан Жалғасова (Алматы)
• Аружан Тоқтаған (Алматы)
• Аружан Алпысбаева (Алматы)
• Атахан Айбек уулу (Бішкек)
• Хурсандбек Атамуратов (Нукус)
• Алексей Юрковский (Санкт-Петербург)
Арнайы сыйлықтар

• Қазақстан композиторларының Бибігүл Төлегенова репертуарындағы шығармасын үздік орындағаны үшін: Софья Сакания (Мәскеу), Алексей Юрковский (Санкт-Петербург)
• Қатысушы елдің халық әнін үздік орындағаны үшін: Мунхтувшин Хоролгорав (Моңғолия)
• Үздік концертмейстер: Лариса Шалабаева, Марина Алтухова
Конкурс лауреаттардың қатысуымен өткен Гала-концертте қазақстандық және әлемдік классиканың әйгілі шығармалары орындалып, оларды ҚР Т. Әбдрашев атындағы Мемлекеттік симфониялық оркестрі (дирижер Е. Ахмедьяров) сүйемелдеді.

Сыйақы қоры

• Гран-при – 5 400 000 теңге және лауреат атағы.
• І орын – 2 700 000 теңге және лауреат атағы.
• ІІ орын – 1 500 000 теңге және лауреат атағы.
• ІІІ орын – 1 200 000 теңге және лауреат атағы.

Ал, финалдық турға қатысып, бірақ лауреат атағын алмаған әрбір қатысушы дипломмен, дипломант атағымен және 350 000 теңге көлеміндегі көтермелеу сыйақысымен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.