ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / Бибігүл Төлегенова референдумға қатысты

Бибігүл Төлегенова референдумға қатысты

АЭС: Референдум 06.10.2024, 09:14 1,170
Бибігүл Төлегенова референдумға қатысты
almaty-akshamy.kz
Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бибігүл Ахметқызы дауысын үйінде берді. №559 сайлау учаскесінің өкілдері бюллетеньдерге арналған урнаны  Бибігүл Ахметқызының тұрғылықты  мекенжайына әкелді.

Әртіс бұл оқиғаның ел үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, референдумға қатысу-әрбір азаматтың Қазақстанның болашағына деген жауапкершілігі. 

"Мұндай шешімдер мұқият ойластыруды қажет етеді, өйткені олар елдегі қазіргі жағдайға ғана емес, келесі ұрпақтың болашағына да әсер етеді. Мен еліміз үшін осы маңызды мәселеге өз дауысымды қоса алатынымды мақтан тұтамын", - деп атап өтті Бибігүл Ахметқызы.

Опера әншісінің айтуынша, Қазақстан әлі де жас мемлекет және оны қолдау керек, еліміз үшін маңызды оқиғаларға қатысып, сол арқылы мемлекетіміз үшін дамудың ең жақсы жолын таңдау керек. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып қала басшысы Ерболат Досаев дауыс беру үшін  жұбайымен бірге келді. Алматы тұрғындары тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.