AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Бетіне сірке суын шашып, тонап кеткен: Атырау облы...

Бетіне сірке суын шашып, тонап кеткен: Атырау облысында зейнеткерге шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Оқиға 31.10.2025, 12:04 494
Бетіне сірке суын шашып, тонап кеткен: Атырау облысында зейнеткерге шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Атырау облысында зейнеткерге шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл ауылында мүгедектігі бар зейнеткер әйелге белгісіз адам шабуыл жасаған. Atyrau ONLINE мәліметінше, бейтаныс әйел үйге баса-көктеп кіріп, 62 жастағы әйелдің бетіне сірке суын шашқан. Соның салдарынан зейнеткер химиялық күйік алып, көру қабілеті нашарлаған.

Жәбірленушінің қызының айтуынша, дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткенімен, науқастың жағдайы ауыр болса да үйіне жіберген. Ал қаскөй алтын әшекейлерді алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Күдікті ұсталды

Полицияның дерегінше, оқиға туралы хабар 27 қазанда түскен.

"Белгісіз әйел үйге кіріп, өткір иісі бар сұйықтықты шашып, алтын бұйымдарды жымқырып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 55 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды," – деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД.

Зейнеткерге медициналық көмек көрсетіліп, қазіргі таңда жағдайы тұрақты екені айтылды.

Тергеу жүргізіліп жатыр

Аталған факті бойынша күш қолдана отырып қарақшылық жасау бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция тұрғындарға:

  • бейтаныс адамдарға есік ашпауға,

  • қарттарды бақылауда ұстауға,

  • күмәнді жағдайларды көрсе 102-ге хабарласуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);