AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Бестеректегі қайғылы жағдай: комада жатқан 9 жаста...

Бестеректегі қайғылы жағдай: комада жатқан 9 жастағы бүлдіршін көз жұмды

Оқиға 07.10.2025, 10:46 547 Дина
Бестеректегі қайғылы жағдай: комада жатқан 9 жастағы бүлдіршін көз жұмды
сурет: t.me/DenMinPR

Абай облысының Бестерек ауылында тамыз айында болған қайғылы жол апатынан кейін комада жатқан 9 жастағы Айзере Дәулет қайтыс болды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, қыз бала шамамен бір айға жуық уақыт ес-түссіз жатқан.

"26 қыркүйек сағат 15:30-да Айзере Даулетке биологиялық өлім диагнозы қойылды. Қыздың жерлеу рәсімі 29 қыркүйекте өтті. Ата-анасының өтініші бойынша басқа ақпарат жарияланбайды", – делінген басқарма таратқан мәліметте.

Бестеректегі жол апаты туралы не белгілі?

19 тамызда Бестерек ауылында Toyota көлігінің 55 жастағы жүргізушісі үйдің қақпасы жанында, жолдан 10 метр қашықтықта тұрған балаларды қағып кеткен. Оқиға орнында екі бала, тағы бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Қаза болған балалардың жасы 2-ден 7 жасқа дейін, жарақат алғандар 6 мен 9 жас аралығында болған.

Жол апатынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін дәрігерлер отырған арнайы ұшақ жіберуді тапсырған. Арнайы борт Үржар ауданына барып, екі баланы санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізді.

Жарақат алған 6 жасар ұл бала ауыр жарақаттан кейін реанимациядан жалпы палатаға ауыстырылған. Ал 9 жастағы Айзере Дәулет Абай облысының ауруханасында ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқан еді.

Абай облысының әкімі Берік Уәли қаза тапқан балалардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Полицияның мәліметінше, көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сараптама оның оқиға кезінде мас болмағанын көрсетті. Қылмыстық іс қозғалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кома #жансақтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);