Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

Әлеумет 16.10.2024, 18:00 835
Бес нүкте – бес шеберлік сабағы
ҰҚК Шекара қызметі

Осы аптада ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданының шекара басқармасына қарасты Ақжардағы техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде сарбаздарға арналған көрсетілім сабағы өтті.  

Жылдағы дәстүр бойынша «Күз-2024» шақырылымының сарбаздарына Шекара қызметінің қолданысындағы техникалар, қару-жарақтар, байланыс құралдары және азық-түлік көрмесі ұсынылды. Бұл шараны шебер ұйымдастырған «Қаскелең» шекара бөлімшесінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, аға лейтенант А.Тұраров бастаған шекарашылар болды. Сонымен қатар, арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының жауынгерлері құқық бұзушыларды ұстап, олардың алысқа кетуіне мүмкіндік бермейтін шеберліктерін көрсетті.

Шекара басқармасы бастығының орынбасары, техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің бастығы подполковник Сағадат Әуезов бұл шараның жас сарбаздар үшін маңызын атап өтті. Осыдан кейін 500-ден астам сарбазға арналған көрсетілім сабағы басталып, болашақ шекарашылар бес топқа бөлініп, бес нүктеге барды.

Бірінші нүкте – техникалар. Мұнда шекаралық қызметте қолданылатын «Камаз», жол талғамайтын «УАЗ», арнайы мақсаттағы жауынгерлік тапсырмаларға арналған брондалған көліктер таныстырылды. Сарбаздар осы техникаларды көріп, олардың шекара қызметіндегі рөлін жақсы түсінді.

Екінші нүкте – азық-түлік көрмесі. Мұнда сарбаздар әртүрлі көкөніс пен азық-түліктің қойылған көрмесін көріп, қажетті мәліметтермен танысты.

Үшінші нүкте – қару-жарақтар көрмесі. Автоматтар, тапаншалар және снайпер винтовкалары секілді шекараны күзетуге арналған қаруларды шебер нұсқаушылар таныстырды, әрі жас сарбаздарға шеберлік сабақтарын да көрсетті.

Төртінші нүкте – байланыс құралдары. Шекара қызметінде байланыс құралдарының маңызы ерекше. Сарбаздар заманауи байланыс құралдарының жұмысын үйреніп, олардың пайдалану ережелерін түсінді. Тіпті, сарбаздардың бірі рация арқылы өзінің ауылына хабарласып, қалғандарын күлкіге бөледі.

Бесінші нүкте – арнайы мақсаттағы шекарашылар тобының көрсетілімі. Арнайы жасақтың күрделі тапсырмаларды орындау барысындағы қимылдары сарбаздарға ерекше әсер етті.

Бұл шара жас сарбаздарды алдағы ант қабылдау рәсіміне дайындап, шекара қызметіндегі өмірге бейімдеуге үлкен үлес қосты. «Күз-2024» шақырылымының сарбаздары алдағы күндері тер төгіп, шекарашылық қызметке толыққанды дайындық жасайды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шекара #арнайы жасақ #«Күз-2024»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.