ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бес күнде мас күйде қоғамдық көлік басқарған 10 жү...

Бес күнде мас күйде қоғамдық көлік басқарған 10 жүргізуші анықталды

Заң мен тəртіп 27.01.2024, 10:45 1,076
Бес күнде мас күйде қоғамдық көлік басқарған 10 жүргізуші анықталды
Сурет: Polisia.kz
ІІМ-де “Автобус” республикалық операциясының қорытындысы шығарылды.

ІІМ-де “Автобус” республикалық операциясының қорытындысы шығарылды.


Іс-шараның мақсаты – жолаушылар мен багажды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің көліктік тәртібін арттыру, заңсыз жұмыс істейтін адамдарға қатысты бақылауды күшейту. Елімізде бес күнде күнде полицейлер жол қозғалысын қадағалау кезінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 5470 жол қозғалысы ережесін бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Оның ішінде алкогольдік масаң күйде көлікті басқарудың 10 фактісі тіркелді. Мысалы, Петропавлда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Volkswagen Transporter көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде полицейлер микроавтобус жүргізушісінің мас күйінде екенін анықтады. Мұны медициналық куәландыру актісі растады. Көлік арнайы автотұраққа жіберілді.


Ақмола облысында да осындай жағдай болды. Операция барысында полиция қызметкерлері Жақсы – Есіл – Бузулук автожолдарына Қостанай тұрғынының басқаруымен Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты. Іс жүргізу барысында полицейлер жүргізушінің жолаушыларды жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқанын анықтады. Сонымен қатар ер адам марихуана есірткісін қолданып, салонда болған бес жолаушының өміріне қауіп төндірді. Тәртіп бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері тиісті әкімшілік хаттамалар жасады.


Бұдан бөлек, қарсы жолаққа шығудың 7 дерегі, еңбек және демалыс режимін бұзуға қатысты – 29, міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзудың – 351, рейс алдындағы тексеруден өтпеудің – 123, техникалық байқаудан өтпеудің – 799, жылдамдықты арттырудың – 174, телефонды пайдаланудың – 1357, 1445 – маневр жасау ережелерін бұзу, 174 – ластаушы заттар шығарындыларының нормаларынан асып кету, 498 – жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 112 фактісі тіркелді, оның ішінде 100-і такси жүргізушілері болған. Сондай-ақ операция кезінде тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін 23 рұқсат етілмеген автотұрақты жауып, 4 мыңға жуық қоғамдық көлікті тексеріп, 371 заңсыз түрлендірілген автобусты анықтады.


Автобус парктерінің 112 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Айта кетейік, “Автобус” профилактикалық іс-шарасын өткізуге 9 мыңнан астам полиция қызметкері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен жұртшылық жұмылдырылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,306 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.