Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бес айда Конституциялық сотқа 3000-нан астам азама...

Бес айда Конституциялық сотқа 3000-нан астам азамат жүгінген

Әлеумет 20.06.2023, 11:14 927
Бес айда Конституциялық сотқа 3000-нан астам азамат жүгінген
Сурет: ашық дереккөз
Мәжіліс ғимаратында парламент палаталарының біріккен отырысы өтіп жатыр. Отырыста Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова ҚР Конституциялық Сотының «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы жөнінде баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Оның сөзінше, биыл бес айда 3000-нан астам азамат өз құқықтарын конституциялық қорғауға жүгінді.


«Бұл цифрлар азаматтардың жаңа органға деген жай ғана қызығушылығының дәлелі болып табылмайды, өтініш берушілердің әрқайсысының өз құқықтарын қорғау ниетін растайды. Бұл ретте Қазақстан заңнамасында Конституциялық Сотқа жүгінгенге дейін құқықтық қорғаудың барлық басқа құралдарын қолдану туралы талап жоқ», - деді Эльвира Әзімова.

Келіп түскен өтініштердің жартысына жуығы (шамамен 41%) сот шешімдерімен келіспеуге қатысты. Төрағаның сөзінше, бұл ретте Конституциялық Сот сот шешімдеріне баға беруге құқылы емес екеніне назар аудару керек.


«Азаматтардан келіп түскен өтініштердің бір бөлігі сот актілерінің орындалмауына, тұрғын үй және еңбек қатынастарына, әлеуметтік қорғауға, жазалардың орындалуына, ақпаратқа қол жеткізуге, жеке тұлғалардың банкроттығына және тағы басқаларға қатысты. Өтініштердің төрттен бірінде ғана (26%) азаматтар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексеруді сұрайды. 20 өңір бөлінісінде ең көп өтініштер Астана, Алматы қалалары мен Қостанай облысының тұрғындарынан келіп түсті. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын ұсынуға міндетті»,-дейді ҚР Конституциялық сотының төрағасы.

Эльвира Әзімованың айтуынша, осы кезеңдегі конституциялық іс жүргізу қорытындысы бойынша, өкінішке қарай, жекелеген нормативтік құқықтық актілерде елеулі олқылықтардың бар екені анықталды.


«Қабылданған он сегіз нормативтік қаулының бесеуінде нормалар конституциялық емес деп танылды. Тағы бесеуі бойынша Конституциялық Сот біркелкі құқық қолдану мақсатында тиісті нормаларға түсіндірме берді. Қазір үкімет пен мүдделі органдарға қажетті шаралар қабылдау ұсынылды», - деді төраға.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституциялық сот #Бас #жүгіну
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Анасынан айырылып, жұмсақ ойыншық құшақтаған кішкентай маймыл өзіне дос тапты

Бүгін 15:47

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.