AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бердібек Сапарбаев: Жарылыстан бүлінген үйлердің б...

Бердібек Сапарбаев: Жарылыстан бүлінген үйлердің бәрі 2 айда қалпына келтіріледі

Әлеумет 29.08.2021, 18:50 1,339
Бердібек Сапарбаев: Жарылыстан бүлінген үйлердің бәрі 2 айда қалпына келтіріледі
сурет: Inform.kz

Барлық жұмыстарға Үкімет тарапынан қаралатын және жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат жұмсалады.


Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы жарылыс салдарынан бүлінген үйлердің қашан қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жағдайға байланысты құрылған облыстық жедел штабтың мүшелері арнайы мамандармен бірге апаттан зардап шеккен 3 елді мекендегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың ахуалын зерттеуде. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың БАҚ өкілдеріне берген мәліметі бойынша, әзірге жөндеуді қажет ететін 118 жылжымайтын мүлік анықталған. Оның 106-сы - тұрғын үй, 12-сі - коммерциялық нысан. Жөндеуді қажет етеді делінген 106 үйдің 35-іне күрделі жөндеу тағайындалып отыр. Облыстық жедел штаб қалған 71 үйді жеңіл зақымдалды деп таныған.



«Олар да қалпына келтіріледі. Барлық жұмыстарға Үкімет тарапынан қаралатын және жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат жұмсалады. Өңірдегі демеушілер де қаржылай көмек көрсетеді. Бүгін бір үйдің күрделі жөндеу жұмыстары басталды.Қалған үйлерде құрылысшылар ертеңнен бастап іске кіріседі. Екі айдың ішінде барлық үйлерді қалпына келтіреміз деп өзімізге міндеттеме алып отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, құрылысшылар күші де жеткілікті»,-деді облыс әкімі.



Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында орын алған өрт пен жарылыс салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен комиссия құрамына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму және басқа да орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері кірді. Комиссия алдына залалды бағалау және өрт пен жарылыс салдарын жою, зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша міндеттер қойылып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбылдағы жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);