AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бензин мен дизель отынының жаңа бағасы бекітілді

Бензин мен дизель отынының жаңа бағасы бекітілді

Әлеумет 13.04.2023, 10:03 1,032 Almaty-akshamy.kz. 
Бензин мен дизель отынының жаңа бағасы бекітілді
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде Энергетика министрлігінің бензин мен дизель отынының шектік бағасы туралы бұйрығы күшіне енді, деп хабарлады Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



Бұйрыққа сәйкес шекті бағалар:


– АИ-92 және АИ-93 бензиндері үшін литріне 205 теңгеге дейін;
– дизельдік отынға литріне 295 теңгеге дейін.


Жанармайдың кейбір түрлеріне жаңа бөлшек сауда бағасын белгілеу мәжбүрлі шара болып табылады. Бұл елден мұнай өнімдерінің кетуін азайтып, ішкі нарықтың өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз етеді.


Энергетика министрлігі Қазақстанда жанар-жағармай бағасы 2021 жылдың күзінен бері өзгермегенін атап өтті.



Көктемгі егіс жұмыстары аяқталғанша дизель отынының құны өзгермейді. Операторлардың шығындарын есепке алғанда, республикадағы шаруалар үшін орташа баға литріне 204 теңгені құрайды, бұл нарықтағы бағадан 31 пайызға төмен. Көктемгі дала жұмыстарына өңірлерге 419 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 19 мың тоннаға артық, – деді министрлік.



Бұл ретте, дизель отынының бұрын белгіленген бағасы өзгеріссіз қалғаны атап өтілді. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде литрі 295 теңгеден тәулігіне 100 литр сатып ала алады. Жүк көліктері, арнайы, мамандандырылған көліктер мен автобустар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде осыған ұқсас баға бойынша тәулігіне бекітілген лимит 300 литрді құрайды. Қалған санаттағы тұлғалар үшін, сондай-ақ дизель отынын белгіленген лимиттен жоғары сатып алатындар үшін баға литріне 450 теңгені құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бензин #дизел #бағасы бекітілді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);