AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / «Benim Auezov'um» кітабы таныстырылды

«Benim Auezov'um» кітабы таныстырылды

Оқиға 08.08.2022, 13:03 1,030
«Benim Auezov'um» кітабы таныстырылды
Фото: instagram.com/nabrk.kz

Кітап авторы Мұхтар Әуезовтің ұстаздық еңбегін бірнеше қырынан көрсеткен


Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай түрік тіліне аударылған академик Зейнолла Қабдоловтың «Benim Auezov'um» роман-эссесінің тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Алқалы жиынды ТҮРКСОЙ ұйымы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Келелі басқосуға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, Зейнолла Қабдолловтың ұрпақтары және зиялы қауым өкілдері мен белгілі ғалымдар қатысты. 


Өнегелі өмірін қазақ ғылым-біліміне арнаған заңғар жазушы Мұхтар Әуезов жайлы жазылған роман-эссе ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланысты баяндайды. Кітап авторы Мұхтар Әуезовтің ұстаздық еңбегін бірнеше қырынан көрсеткен. 


Бұл туындыны басқалардан оқшаулап тұрған ерекшелігі де – дара тұлғаның ұстаздығы мен жазушылық қасиеті тоғыстырыла суреттелген. «Менің Әуезовімді» түрік тіліне қазақтың айтыскер ақын қызы Әсем Ережеқызы аударған. Ол бұдан бұрын ресейлік ғалым Виктор Козодойдың «Әлихан Бөкейхан» атты шығармасын да түрікшеге аударған. 


Сондай-ақ, Зейнолла Сәніктің әңгімелерін де түрік оқырмандарына ұсынды. Анкарада шыққан кітаптың құрастырушысы – Амантай Шәріп, әдеби редакторы – Фазыл Бисенбаев, ғылыми редакторы – Сәуле Ержанова. Шараға жиналған зиялы қауым түрік тіліндегі туындыға өз бағасын берді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуезов #кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);