AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Белгісіз нөмірлерден келетін қоңырауды қалай тыюға...

Белгісіз нөмірлерден келетін қоңырауды қалай тыюға болады?

Заң мен тəртіп 07.04.2026, 09:50 200 yakiya
Белгісіз нөмірлерден келетін қоңырауды қалай тыюға болады?

Мұның шешімі — Nomad Guard, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл арнайы қосымша емес, eGov mobile ішіндегі қызметтің бір түрі.

Qazaqstan.tv тілшісінің хабарлауынша, мәселе деректеріміздің ретсіз ұрлануынан туындайды екен. Енді осы қызметтің көмегімен сіз бен біз жеке деректерімізді кім таратқанын тексере аламыз.

Nomad Guard сервисі деректер жинақталған барлық жүйені сүзгіден өткізе алады дейді әріптестер. Яғни, қандай да бір мемлекеттік қызметті аларда, банкте немесе әлдебір сайтқа мәлімет енгізсек — соның бәрі осы жүйеде көрінеді. Деректерді кім, қай уақытта алғанын анықтауға болады.

Ол үшін не істеу керек?

◾ eGov mobile қолданамыз

◾ «Қызметтер» батырмасын таңдаймыз

◾ Nomad Guard бөліміне өтеміз

◾ «Тексеру» түймесін басамыз.

Қызметтің қандай нәтиже бергенін «Менің тексерістерім» бөлімінен біле аламыз. Әрі қарай тілші былай баяндайды:

Деректерді кім пайдаланғанын білдік. Әрі қарай не істейміз? Егер тізімде сіз жүгінген сайт, не мекеме болса, алаңдамаңыз.

Мысалы, сайт арқылы киноға билет алдыңыз делік. Деректеріңізді сол күні бір рет қана қолданған. Демек, күдікті олар емес. Ал тізімде сіз ешқашан қолданбаған қызмет түрі болса, Цифрлық даму министрлігіне хабарлау қажет.

Ол үшін қайтадан, eGov қосымшасына кіріп, е-Өтінім батырмасын таңдау керек. Бұдан соң тиісті ведомствоны таңдайсыз да, «Сипаттама» бөліміне жағдайды баяндайсыз. Ал файлдар бөліміне Nomad Guard қосымшасынан алған тізімді бекітесіз. Оны жеке деректеріңіз тарағаны туралы дәлел ретінде ұсына аласыз.

Міне, осы қадамдарды жасағаннан кейін белгісіз нөмірлерден келетін қоңыраулар тыйылады, дейді жауаптылар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#eGov Mobile қосымшасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);