AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Белгілі нумеролог 2022 жылға болжам жасады

Белгілі нумеролог 2022 жылға болжам жасады

Әлеумет 26.12.2021, 10:03 2,850 Almaty-akshamy
Белгілі нумеролог 2022 жылға болжам жасады
Cурет: Instagram @aisulu_ahimova_

Нумеролог 2022 жыл экономикалық құлдырау мен тоқырауға ұшырауы мүмкін екенін айтты


Санаулы күнен еліміз 2022 жылға аяқ басады. Қазақтың жыл санауы бойынша 2022 жылы барыс жылы кіреді. Әр жылдың өзіндік ерекшелігі, алып келер несібесі бар. 2022 жыл несімен ерекше?


Психолог, теле және радиожүргізуші, белгілі қазақстандық нумеролог Айсұлу Ахимова алдағы жылға болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның айтуынша, келер жылдың саны – «6».



«2022 жыл көп адамды төзімділікке, шыдамдылыққа сынайтын жыл болмақ. Нумерологияда «6» - бұл күшті сан. Негізгі сипаттамалар қаржы, әл-ауқат. Сонымен қатар, еңбекқорлықпен байланысты болады. Ақылға қонымды шешімдер мен логика, сенімділік пен батылдық жылы», - дейді нумеролог.



Бұл жылы әсіресе жұмысқа және кез келген бастамаларға күш салу керек. Сәттілікке немесе кездейсоқтыққа сенуге болмайды.
Нумеролог 2022 жыл экономикалық құлдырау мен тоқырауға ұшырауы мүмкін екенін айтты. Сондықтан азаматтарды шығындарға сақ болуға және нақты талдауға сәйкес әрекет етуге шақырды.



«Бұл жыл жалқаулықты кешірмейді, аспанда қалықтаудың қажеті жоқ. Қиялға берілмеңіз. Агрессия мен немқұрайлылықтан аулақ болыңыз», - деді ол.



Нумеролог маңызды бастама бастамас бұрын бір стакан таза су ішіп алу керек екенін тілге тиек етті.



«Егер сізге шұғыл түрде маңызды мәселені шешу қажет болса, стаканға таза ауыз су құйыңыз, сосын отырып бірнеше баяу жұтым жасаңыз. Сол кезде сізді мазалап жүрген сұрақтар жақын арада шешіліп, кенеттен жаңа ойлар пайда болады»,- дейді Айсұлу Ахимова.



Айсұлу Ахимованың айтуынша, жаңа жылда қызметтің жиі ауысуы, қоныс аудару болады.



«Осы жылы дүниеге келген сәбилерді кішкентайынан шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбекке баулу маңызды. Гаджеттер мен компьютерлік ойындарға шектеу қою керек. Олар үшін шахмат және конструктор ойындары пайдалы. 2022 жылы шет тілдерін үйренуге, дағдыларыңызды жетілдіруге және өзіңізді тәрбиелеуге уақыт бөліңіз. Әсіресе 2022 жылдың ақпанынан бастап шет тілдерін үйренуді бастау тиімді», - деді ол.



Нумерлог денсаулыққа қатысты да айтты.



«Биыл бауыр мен қан айналымы жүйесінің жұмысына назар аударған жөн. Табиғатқа жиі шығып тұру керек. Йога, би, футбол және серуендеу пайдалы», - деп түйіндеді Айсұлу Ахимова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#2022 жыл #Нумеролог #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);