AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Белгілі математик әріптестеріне тосынсый жасады

Белгілі математик әріптестеріне тосынсый жасады

Әлеумет 09.10.2024, 10:32 1,849
Белгілі математик әріптестеріне тосынсый жасады
«Зерделі» орталығының баспасөз қызметі

6 қазан күні Астана қаласында республикалық «Зерделі» оқу орталығы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шара барысында орталықтың негізін қалаған ағайынды Ырысбек және Өжет Мәуіт үздік ұстаздарға пәтер сертификаты мен Дубайға демалыс жолдамасын сыйға тартты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

«Зерделінің 10 жылдық мерейтойы ұстаздар күнімен тұспа-тұс келді. Осыған орай, 7 мұғалімге баспана алуға қолдау көрсетуді шештік. Бұған дейін де 25 ұстазымыздың үйлі болуына көмектескен едік. Бұл үрдіс әлі де жалғасын табады. Ұстаздық қызметке өмірін арнаған жандар үшін қандай қолдау жасасақ та лайықты. Сонымен қатар, 15 адамға Дубайға демалыс жолдамасын сыйладым. Өткен оқу жылында да Зерделіде қызмет еткен 100-ге жуық ұстазымыз осы жолдамамен Дубайда демалып қайтқан», – деді Ырысбек Мәуіт.

Қазіргі таңда Зерделі орталығы еліміздің 18 облысында 41 оқу орталығымен, 7 мектебімен және 50-ге жуық бөлімшесімен жұмыс істейді. Астананың өзінде 500-ге жуық педагог қызмет атқарады.

 

«Мерекеде ұстаздарға сапалы әрі адал еңбектері үшін ақшалай сыйақы мен соңғы үлгідегі айфондар табыстадық. Президентіміз «Педагог мәртебесін көтеру – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі» деп атап өткендей, біз ұстаздарға құрмет пен материалдық қолдаудың қатар жүруін маңызды деп санаймыз», – деп қосты кәсіпкер-педагог.

Мерекелік кешке еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері келіп, ән мен жырдан шашу шашты. Қонақтардың қатарында дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали мен ақын Қалқаман Сарин болды.

Керек дерек

«Зерделі» оқу орталығы – дарынды балаларға арналған білім беру орталығы. Соңғы 10 жыл ішінде орталық еліміздің ең ірі білім беру орындарының біріне айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зерделі» #дарынды балалар #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);