ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Белгілі әнші Ғарифа Игісінова Алматының экопост ма...

Белгілі әнші Ғарифа Игісінова Алматының экопост мамандарына қолдау көрсетті

Әлеумет 15.03.2025, 10:51 637
Белгілі әнші Ғарифа Игісінова Алматының экопост мамандарына қолдау көрсетті
Фото: Н.Әлішова
"Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқанына бүгін “Алматы әуендері” өнер бірлестігінің әншісі Ғарифа Игісінова да келіп қосылды.

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқанына бүгін “Алматы әуендері” өнер бірлестігінің әншісі Ғарифа Игісінова да келіп қосылды.

– Алматы – жылдың төрт мезгілінде де әсемдігін жоғалтпайтын көркем қала. Енді аз күнде жер-әлем жасыл желек жамылады. Соған дейін айналаны тазарту, жерді де жаңа тіршілікке дайындау – азаматтық парызымыз деп білемін. Өнер адамы ретінде мені әдемілік атаулының бәрі шабыттандырады. Бізді қоршаған ортаның таза болуы – өзіміздің жайлы өміріміздің кепілі, – деді эконауқан қатысушысы Ғарифа Игісінова.                   

“Алматы әуендерінің” әншісі Түрксіб ауданында орналасқан "Радар" экобекетінің кезекші эколог-операторы Мағжан Ыдырысов және Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Данияр Нұрсадықпен бірге жұмыс істеп, газ құрамын анықтайтын құрылғылардың көмегімен қалаға кірген көліктерден шығатын зиянды заттардың мөлшерін тексеруге атсалысты.

– Біз қазір күрежолда тұрмыз. Бұл экобекеттің қала ауасының таза болуына қосып жатқан үлесі үлкен. Міне, байқап тұрғандарыңыздай, алдынан сан мың көлік өтіп жатыр. Олардан ауаға бөлінетін түрлі зиянды заттарды айтпасақ та белгілі. Сондықтан темір тұлпар тізгіндеген жұртшылық көлігінің техникалық ахуалына мұқият болғаны дұрыс деп ойлаймын. Алматы жалғыз, ал біз көппіз. Қоршаған ортаның, өзіміз жұтатын ауаның таза болуы – өз қолымызда! – дейді әнші.

Осы орайда мегаполиске кіреберістегі күрежолдарда бүгінде 19 экопост жұмыс істеп тұрғанын тілге тиек етсек артық болмас. Бәрі де арнайы газ талдағыш және түтін өлшегіш құралдармен жабдықталған. Операторлардың еш кедергісіз қолайлы жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жасалған. 

  • Экобекеттердің міндеті – экологиялық талаптарға сай келмейтін автокөліктерді анықтау, көлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жолда жүру қозғалысын реттеу, сол арқылы алып шаһар ауасының ластануына жол бермеу. Бір күнде техникалық талаптарға сай келмейтін жеті-сегіз көлік анықталады. Бұрынғыдай емес, жүргізушілер де жауапкершілікті сезінеді. Сайып келгенде, бұл өзіміз, отбасымыз жұтатын ауа ғой, сондықтан бәріміз табиғатқа, айналаға жанашыр бола білсек нұр үстіне нұр болады, - дейді эколог-маман Мағжан Ыдырысов.

Еске сала кетейік, қазір "Таза Қазақстан" республикалық экобағдарламасы аясында Алматы саябақтарында, скверлерде, өзен жағалауларында және экобекеттерде ауқымды экологиялық акциялар ұйымдастырылуда. Онда қала тұрғындары мен өнер, мәдениет, спорт жұлдыздары ниет, тілек біріктіріп, қоқыстарды жинап, арықтарды тазартып, ағаш отырғызуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,322 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.