AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Бектенов екі екі комитет төрағаларын жауапкершілі...

Бектенов екі екі комитет төрағаларын жауапкершілікке тартуды тапсырды

Билік 06.08.2025, 16:25 606 Сұлу
Бектенов екі  екі комитет төрағаларын жауапкершілікке тартуды тапсырды
gov.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов өткізу бекеттерін жаңғыртуға қатысты жиын өткізді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі биылғы жоспарда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларындағы (ҚХР, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан) 9 өткізу бекетін реконструкциялау жұмыстары тұрғанын айтты. Бүгінде олардың 4-еуінде, яғни Қапланбек, Атамекен, Қалжат және Алакөл бекеттерінде жұмыстар аяқталды. Бес нысанды жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін өз мәресіне жетпек.

"Жібек жолы" жолаушылар өткізу бекетін реконструкциялау жоспардан тыс жүргізіп жатыр, 2026 жылы бірінші жартыжылдықта аяқталады деп көзделіп отыр.

Баяндамаларды тыңдаған премьер-министр кеден қызметінің, сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасы шекараларындағы автомобиль өткізу бекеттерін жөндеу мерзімдері кешіктірілуіне байланысты салалық министрліктер жұмысын сынға алды.

Олжас Бектенов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағаларын жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Сонымен қатар, министрліктердің жауапты басшылары жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін өңірлерге жіберілді. Кеден қызметінің кадр құрамына, әсіресе, өткізу бекеттеріне қатысты талаптарды қатаңдату, сондай-ақ, жабдықпен жарақтандыру және интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша міндеттер қойылды.

Көлік, қаржы министрлеріне өткізу бекеттерін реконструкциялау барысы туралы премьер-министрге апта сайын есеп беру тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #комитет #төраға #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);