ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Бекшин қызметінен кеткен соң немен айналысатынын а...

Бекшин қызметінен кеткен соң немен айналысатынын айтты

Медицина 25.12.2021, 06:45 1,469
Бекшин қызметінен кеткен соң немен айналысатынын айтты
Cурет: Almaty-akshamy.kz
Болжамы айна қатесіз келетін танымал дәрігер  мемлекеттік қызметпен біржола қоштаспақ

Болжамы айна қатесіз келетін танымал дәрігер  мемлекеттік қызметпен біржола қоштаспақ


Жандарбек Бекшин зейнетке шығады. Болжамы айна қатесіз келетін танымал дәрігер  мемлекеттік қызметпен біржола қоштаспақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.


Денсаулық сақтау саласының үздігі, салада 40 жылдай еңбек еткен кәсіби маман енді жеке жұмыстарымен айналыспақ. Бірақ коронавируспен де соңына дейін күресемін дейді.  



«Заң бойынша бір рет қана бір жылға шартты ұзатуға болады. Былтыр маған бір жылға ұзартты. Екі рет ұзартуға болмайды. Қысқа болса да, ұзақ болса да еңбек демалысына бару керек. Сондықтан мен дүйсенбіден 4 қаңтарға дейін еңбек демалысында боламын. 5 қаңтардан бастап жұмысым аяқталады», - деді Алматы қалалық бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.



Жандарбек Бекшин сондай-ақ өз құпиясын бөлісті. Яғни, коронавирустың қашан азайып, қашан көбейетінін қалай болжайтынын айтты.



«2009 жылғы тұмау пандемиясының нәтижесін қарап, себептерін түсіндім. Эпидемия, пандемия келетінін, вирустар болатынын білдім. Білімімнің арқасында және жаңа біліммен осындай болжамдар беріп тұрдым ғой. Бұл жұмысты жүйелі түрде жасадық», - деді Жандарбек Бекшин.



Айта кету керек, Жандарбек Бекшин – пандемия басталғалы вируспен белсенді күресіп жүрген бірден-бір маман. Коронавирустың қашан келетінін де өзі айтып еді. Күні кеше Алматыға «омикрон» штамы наурыз айында келетінін жеткізді. Індеттің шарықтау кезі сол кезге сәйкес келеді дейді. 
Сонымен бірге, қаланың бас санитар дәрігері қызметін дүйсенбіден бастап Қарлығаш Әбдіжаппарова уақытша атқаратын болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.