AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бекболат Тілеухан ұры ма?..

Бекболат Тілеухан ұры ма?..

Әлеумет 17.01.2025, 06:00 2,651 Bakyt
Бекболат Тілеухан ұры ма?..
Сурет видео скрині

Фейсбук әлеуметтік желісінде Серік Хасенов есімді оқырман Бекболат Тілеухан орындайтын "Елім менің" әні туралы күтпеген жазба жариялады. Хасеновтың жазуынша, бұл әнді Бекболат Тілеухан өзінің шығарғанын айтқанымен, шын мәнінде, әннің авторы – белгілі өнер иесі Ғарифолла Құрманғалиев көрінеді.

Бұл туралы Құрманғалиевтің немересі, өнертану ғылымының кандидаты Меруерт Санатқызы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Бекболат Тілеухан консерваторияда оқып жүргенде Ғарифолла Құрманғалиевтің архивімен таныс болған.

"Бекболат біздің үйге жиі келіп, атамның архивімен жұмыс істейтін. Бірақ біз оның әнді өз атынан айтпақ ойы бар екенін білмедік. Кейін атамның мерейтойына орай архивті қарап отырғанда, осы әннің ноталарын кездестірдік. Жұбайым бұл әнді бірден таныды – бүгінде Бекболаттың орындауындағы "Елім менің" әні екенін аңғардық. Бұл әнді атам ертеде шығарғанымен, халыққа тарату мүмкіндігі болмаған", – деді Меруерт Санатқызы.

Оның сөзінше, бұл мәселені бейбіт жолмен шешуге бірнеше мәрте талпыныс жасалған. Алайда Бекболат Тілеухан олардың талаптарын елемей, жағдайды ушықтырған.

"Біз онымен сөйлесуге барғанда, ол: 'Сендердің қолдарыңнан не келеді? Ақшаң да, билігің де жоқ' деп бізді кері қайтарды", – деп еске алды Меруерт ханым.

Мәселені заң жүзінде шешу де нәтиже бермеген. Өйткені сол кездегі соттар ән авторлығын тексеруді қабылдамай, арызды кері қайтарған. "Сотқа қайта жүгінгенімізде, ол шетелде жүр екен. Қазір бұл мәселені қайта көтеріп, әділдік орнатуға тырысудамыз", – деп атап өтті Құрманғалиевтің немересі.

Бұл жағдай көпшілік арасында үлкен резонанс туғызып, авторлық құқық туралы мәселеге қоғам назарын аудартты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғарифолла Құрманғалиев #Бекболат Тілеухан #Елім менің
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);