AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімп...

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздары анықталды

Әлеумет 27.09.2021, 05:05 1,624
Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздары анықталды
www.inform.kz

Елордада Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz inform.kz сілтеме жасап.



 «Өз басым Бейсен бауырымыздың осы өмірде қалдырған еңбегі елеусіз қалмай, осындай байқау арқылы жаңғырып жатқанына қуаныштымын. Байқауға қатысушылардың дені жастар болды. Расы керек, жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Барлығы 100 өтініш келіп түсті. Бейсеннің бағдарлама жүргізгенде өзіндік принциптері болды. Оның сөйлеу мақамы, өзін ұстауы, журналистік этикасы тұтас бір дүние. Бейсен негізінен әлеуметтік бағдарламаларды жүргізгеннен  халыққа жақын болды, қайырымдылықпен айналысты. Байқау барысында аймақтағы тілшілерге мән беріп, қолдау көрсетуге тырыстық», - деді елімізге танымал тележурналист Арман Сқабылұлы.



Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздары:


І орын - Jetisy телеарнасының редакторы Сәния Байтарова.


ІІ орын - Aqtobe телеарнасының редакторы Ерлан Мұқанов.


ІІІ орын - «Qazsport» телеарнасының редакторы Индира Бектенова.



«Бейсен ағамыздың бейнесі есімізде мәңгі қалары сөзсіз. Талдықорғандағы ағамыздың кабинетінде үлкен портреті тұр. Біз соған қарап, ағамыз әлі ортамызда жүргендей сезінеміз. Кейде қарап, көзімізге жас аламыз, бір қарағанда, ағам маған жол көрсетіп тұрғандай көрінеді. Бейсен ағамыз басқарған "Жетісу" телеарнасының ұжымы өте ұйымшыл болды. Жеңімпаз атану - мен үшін үлкен құрмет. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Жеңіс жалғыз менікі емес, ортақ деп есептеймін», - деді байқау жеңімпазы Сәния Байтарова.



Аталған байқау жеңімпаздары дәстүрлі «Astana Media Week – 2021» медиа апталығының ашылуы салтанатында марапатталды.


Айта кетейік, бүгін басталған AMW-2021 барысында халықаралық медиақауымдастық мүшелері ақпараттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін көтереді. Іс-шараға әлемдік БАҚ-тың топ-менеджерлері, мемлекеттік аппарат өкілдері, танымал журналистер, документалистер және АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан блогерлері қатысып жатыр.





 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #MediaWeek #жеңімпаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);