AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұ...

Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсаукесері өтті

Мәдениет 27.05.2023, 04:26 1,728 Аlmaty-akshamy.kz
Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсаукесері өтті
сурет: gorodw.by

Бейжіңде танымал қазақ әндерінің алғашқы аударма жинағының тұсаукесері өтті.


Қытай астанасында Қазақстан Республикасы ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және басқалардың 30 белгілі музыкалық шығармасын қамтитын қытай тіліндегі танымал қазақ әндерінің алғашқы аударма жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Әндерді аударуды Музыка халық баспасының жәрдемімен белгілі жазушы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты Әкбар Мәжитұлы жүзеге асырды.


Іс-шараның қонақтары Қытайдың мемлекеттік органдары, академиялық және шығармашылық зиялылары, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ қытайлық және қазақстандық БАҚ журналистері болды.


Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев өзінің сөз сөйлеуінде музыка мен әндер арқылы халықтар арасында мәдениет пен әдет-ғұрыпты тереңірек қабылдау орын алатынын ерекше атап өтті. Осыған орай, ол бұл жинақ Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен тату көршіліктің іргетасына тағы бір жарқын үлес болатынына сенім білдірді. Қазақстандық дипломат өз сөзінде биылғы жылы Қытайда мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жоспарларымен де бөлісті.



Әкбар Мәжитұлы (1954 жылы туған) – қытай тілінде жазатын аз ұлттары өкілдерінен тұратын ҚХР-дың көрнекті жазушыларының бірі. 1982 жылы бастап Қытай жазушылар одағының мүшесі, ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің депутаты болған, үш рет ҚХР Мемлекеттік сыйлығының иегері, II дәрежелі «Достық» орденінің кавалері, оннан астам кітаптың, оның ішінде Абай шығармалары аудармаларының авторы болып табылады.



Әкбар Мәжитұлының аудармалары мен шығармашылық ізденістерінің арқасында бүгінгі таңда қытайлық оқырмандар қазақ әдебиетінің көрнекті классиктері мен танымал композиторлардың шығармаларымен таныса алады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #Бейжің #қазақ әндері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);