ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Бейжіңде COVID-19 байланысты карантин күшейтілді

Бейжіңде COVID-19 байланысты карантин күшейтілді

Жақыныңа жанашыр бол! 24.04.2022, 09:00 1,764
Бейжіңде COVID-19 байланысты карантин күшейтілді
Cурет: Ашық дереккөз
Соңғы 24 сағат ішінде Бейжіңде коронавирус жұқтырудың 22 жағдайы тіркелді

Соңғы 24 сағат ішінде Бейжіңде коронавирус жұқтырудың 22 жағдайы тіркелді


Қытай астанасының билігі COVID-19 жұқтырудың тағы 22 жағдайы анықталғаннан кейін, эпидемияға қарсы шараларды күшейтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Соңғы 24 сағат ішінде Бейжіңде коронавирус жұқтырудың 22 жағдайы тіркелді», - делінген Қытайдың Гигиена және денсаулық істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің жексенбі күні жариялаған есебінде.


COVID-19-ға шалдығу деректері көбейіп отырғандықтан Бейжің билігі эпидемияға қарсы шараларды күшейтуде. Сенбіден бастап Чаоян ауданындағы сегіз шағынаудан коронавирусқа тексерілді.



«Эпидемиологиялық тексерудің алдын ала нәтижелері аурудың қазіргі толқыны шамамен бір апта бойы жасырын түрде таралып жатқанын көрсетті», - деді Бейжің ауруларды бақылау және алдын алу орталығы басшысының орынбасары Пан Синхо сенбі күні брифингіде.



Қала билігі мегаполис тұрғындарын аса қажеттілік болмаса Бейжің аумағынан шықпауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, COVID-19 жұқтыру қаупі орташа және жоғары аймақтарға барудан бас тартуға шақырады.



«Скринингілік шаралар күшейтілгендіктен, алдағы уақытта аурудың жаңа жағдайлары анықталуы мүмкін», - деп түйіндеді қытайлық эпидемиолог.



Ресми деректерге сәйкес, үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бері Қытайдың материктік аумағында коронавирус инфекциясының барлығы 600 мыңға жуық жағдайы тіркелді. Коронавирустың жаңа толқынынан Тибет автономиялық ауданын қоспағанда, Қытайдың 31 әкімшілік-аумақтық бірлігінің 30-ы (провинциялар, автономиялық аудандар, орталыққа бағынысты қалалар) зардап шекті.


Материктік Қытайда эпидемиялық ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Өткен тәулікте елде инфекцияның 21 796 жағдайы тіркелді, оның ішінде тек Шанхайда – 21 058.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.