ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Бейжің-2022: Медальдар бойынша көш бастап тұрған е...

Бейжің-2022: Медальдар бойынша көш бастап тұрған елдер

Әлем 20.02.2022, 06:10 2,190
Бейжің-2022: Медальдар бойынша көш бастап тұрған елдер
Cурет: Ашық дереккөз
Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 29-ға жетті

Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 29-ға жетті


Бейжіңде өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында жалпы медальдар кестесінде Норвегия құрамасы ешкімге дес берер емес, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.


Норвегия құрамасы жүлделер кестесінде екінші орында тұрған Германиядан 4 алтын артық алып, жеке дара көш бастап тұр. Олардың еншісінде 15 алтын, 8 күміс, 12 қола (35) медаль бар.


Ал Германия құрамасы кеше қоржындарын тағы бір алтын, бір күміс медальмен толықтырды. Нәтижесінде 11 алтын, 8 күміс, 5 қола (24) медальмен екінші орында келеді.


Сондай-ақ, бүгін осыған дейін үздік үштіктен түспей келе жатқан АҚШ құрамасын Қытай спортшылары бір «алтын» айырмашылығымен басып озды. Олимпиаданы өз елінде өткізіп жатқан қытайлықтар 9 алтын, 4 күміс, 5 қола медальмен әзірге үздік үшінші орынды иеленіп тұр. Ал АҚШ кешегі орнынан бір саты төмендеп төртінші позицияға жайғасты.


Медаль көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:
1. Норвегия - 15 алтын, 8 күміс, 12 қола
2. Германия - 11 алтын, 8 күміс, 5 қола
3. Қытай - 9 алтын, 4 күміс, 2 қола
4. АҚШ - 8 алтын, 9 күміс, 7 қола
5. Швеция - 8 алтын, 5 күміс, 5 қола
6. Нидерланд - 8 алтын, 5 күміс, 4 қола
7. Швейцария - 7 алтын, 2 күміс, 5 қола
8. Ресей - 6 алтын, 11 күміс, 14 қола
9. Австрия - 6 алтын, 7 күміс, 4 қола
10. Франция - 5 алтын, 7 күміс, 2 қола


Айта кетейік, дәл бүгінге дейін Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 29-ға жетті. Оның ішінде 22 мемлекеттің қоржынында алтын медаль болса, 26 мемлекетте күміс жүлде бар. Сондай-ақ Латвия, Польша және Эстония елдері бір-бір «қоладан» ұтып алды.


Өкінішке қарай, Қазақстан қоржыны әзірге бос тұр. Ертең, Олимпиаданың соңғы күнінде 3 спортшымыз сынға түседі. Шаңғы жарысынан Ангелина Шурыга, Ирина Быкова және Надежда Степашкина 30 шақырымға масс-стартта жарысқа түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.