AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / БЕЙЖІҢ - 2022 / БЕЙЖІҢ-2022: Ақ Олимпиаданың алау эстафетасы баста...

БЕЙЖІҢ-2022: Ақ Олимпиаданың алау эстафетасы басталды

БЕЙЖІҢ - 2022 02.02.2022, 05:40 1,516
БЕЙЖІҢ-2022: Ақ Олимпиаданың алау эстафетасы басталды
Сурет: Inform.kz

Тарихта алғаш рет Олимпиада алауын машиналар алып жүреді


Бүгін Бейжіңде өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының алауының эстафетасы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлағандай, салтанатты рәсім Бейжіңнің солтүстігіндегі Олимпиадалық саябақтан бастау алды. Алау эстафетасын ресми түрде Қытай Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэн ашты.


Ұйымдастыру комитеті ғаламдық пандемияға байланысты эстафетаның бағыты мен ұзақтығын біршама қысқартқан. Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында эстафетаға көрермендер қатысып жатқан жоқ. Одан бөлек, алауды адамдар тұратын көшелер мен аудандардан алыс жерлерде алып жүру көзделген.


Эстафета үш олимпиадалық кластер бойынша 12 кезеңнен тұрады. Алауды алып жүруге 14 пен 86 жас аралығындағы жалпы есебі 1200 алау ұстаушы қатысуда. Сондай-ақ, тарихта алғаш рет алауды адамдар ғана емес, машиналар да алып жүреді.


Сондай-ақ бүгін, яғни 2 ақпан күні Бейжіңде Ақ Олимпиаданың алғашқы іріктеу сындары да басталып кетті. Олимпиада ойндарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, бүгін керлинг, шайбалы хоккей фристайл, сынды спорт түрінен алғашқы іріктеу жарыстары басталады. Ал 3 ақпан күні қазақстандық фристайлшылар жарыс алаңына шығады.


Естеріңізге сала кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төрт жылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#олипиада #Алау #Эстафета
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);