ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бауырлас елдердің курсанттары диплом алды

Бауырлас елдердің курсанттары диплом алды

Әлеумет 20.06.2023, 11:40 822
Бауырлас елдердің курсанттары диплом алды
Сурет: ашық дереккөз
2023 жылдың 10 маусымында  ҚР ҰҚК Шекара академиясын 30-ға жуық  шетелдік курсант бітірді.

2023 жылдың 10 маусымында  ҚР ҰҚК Шекара академиясын 30-ға жуық  шетелдік курсант бітірді.


Оқуларын ойдағыдай аяқтаған шекарашы курсанттар енді өз елдеріне аттанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Тәжікстан және Қырғыз Республикасынан келген бұл курсанттар Шекара академиясында төрт жыл бойы оқып, Шекара қызметінің қыр-сырына қанықты. Енді өздеріне жүктелген жауапты міндетті абыройлы атқарып қызметтерін әрі қарай жалғастырмақ.


Полковник З.Амбарцумиян жетекшілік ететін 5-оқу дивизионы 4-курс курсанттарының қуанышында шек жоқ. Қазақстанда білім алып, шекарашы офицер атанып отырған бауырлас елдің курсанттары Академия алдына жиналып, бір сызықтың бойына сап түзеді.


Айта кету керек, биылғы бітіріп отырған курсанттардың арасынан  үздік диплом айыр қалпақты ағайындарға бұйырды. Ол - қырғызстандық курсант Жунусбеков Абай Бағыбаевич.  


Салтанатты шара басталмас бұрын біздің және достастық елдердің Мемлекеттік әнұраны орындалды.  Өз кезегінде алғаш болып сөз алған 



«Құрметті түлектер, құрметті қонақтар! Бүгін біз Шекара академиясының өмірінде тағы бір маңызды оқиғаның куәсіне айналып отырмыз. Академия жылдағы қалыптасқан дәстүрінен айнымай Тәжікстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының достастық елдер үшін жас офицер кадрларын төрт жыл бойы оқытып, шығарып салу рәсімін өткізіп отыр. Мұндағы әр түлек үшін бүл күн ерекше маңызды. Академия қабырғасында алған білімдеріңіз бен тәжірибелік дағдыларыңыз сізге өз елдеріңіздің мемлекеттік шекарасын қорғауға көметеседі деп сенемін. Ол үшін сіз өз еліңіздің игілігі үшін талмай қызмет атқаруға тиіссіз. Сізде заманауи білім мен керемет әскери дайындық бар. Осы айтулы сәтті пайдалана отырып, Академияның профессорлық-оқытушылар құрамына достас елдер үшін жас офицерлерді оқытқаны және тәрбиелегені үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіз өзіңіздің біліміңізбен және жетістіктеріңізбен офицерлік атаққа сын келтірмей  жоғары ұстайтындығыңызға сенімдімін. Құрметті түлектер! Шекара академиясының қолбасшылығы мен барлық жеке құрамының атынан Сіздерді оқуды сәтті аяқтап «лейтенант» әскери атағын алуыңызбен құттықтаймын », - деді Академия бастығы полковник П.Поливанов.



Содан кейін ата-аналар мен курсанттар ортаға шығып жүрек жарды жылы лебіздерін білдіріп, Академия ұжымына алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.