AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Бауыржан шиыршығы» деп аталатын тактика несімен е...

«Бауыржан шиыршығы» деп аталатын тактика несімен ел есінде қалды?

Әлеумет 05.05.2025, 15:08 893
«Бауыржан шиыршығы» деп аталатын тактика несімен ел есінде қалды?
Сурет: Gov.kz

Жеңіс күніне 5 күн қалды. «Бауыржан шиыршығы»

9 мамыр қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысында қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі туралы жазбалар циклын жариялап жүр. Бүгінгі цикл «Кеңес Одағының Батыры» Бауыржан Момышұлының майдандағы ерлігіне арналған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысы майданына тура Мәскеу үшін шайқастың қызған кезінде келді. Ол Алматыда құрылған генерал Иван Васильевич Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясына түсті.

Бауыржан Момышұлы сол кезде офицерлік шенге ие болған, сондықтан бірден батальон командирі қызметіне тағайындалды. Ал 316-шы дивизияны тікелей Мәскеуді қорғауға жіберді.

Вермахттың қатты шабуылы кезінде жауды тоқтатып, әскердің жеке құрамын сақтап қалу үшін ерекше тактикалық амалдар керек болды.

Содан бері «Бауыржан шиыршығы» деп аталатын тактика ел есінде қалды. Оның мәні мынадай еді: жаудың шабуылдаушы колоннасына кенеттен соққы беріп, ұзақ соғысқа бармай, шегініп отырған. Осылайша жаудың күші біртіндеп әлсіреген. Сол кезде қайта соққы беріп, сол соққы жеңіске жеткізген.

Жас қазақтың тактикасымен бетпе-бет келген генерал Гёпнер Гитлерге жолдаған баяндамасында былай деп жазған:

«Ешқандай соғыс заңдары мен ережелерін мойындамайтын, жабайы дивизия. Оның сарбаздары берілмейді, ерекше фанатизммен соғысады және өлімнен қаймықпайды».

Бауыржан Момышұлы бірнеше рет қоршауда қалған, бірақ әр жолы әскерін де, оған сеніп тапсырылған бөлімдердің жауынгерлік қабілетін де сақтап, сәтті шыға білді.

«Бауыржан шиыршығы» бүгінге дейін АҚШ пен Израильдің әскери оқу орындарында қоршаудан шығу кезіндегі жауынгерлік іс-қимыл үлгісі ретінде оқытылады.

Бауыржан Момышұлына «Кеңес Одағының Батыры» атағы тек 1990 жылы, қайтыс болғаннан кейін берілді. Ол 1982 жылы дүниеден өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бауыржан шиыршығы #тактика #майдан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);