Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бауыр еті балаларын ажал құштырған ана 15 жылға со...

Бауыр еті балаларын ажал құштырған ана 15 жылға сотталды

Әлеумет 21.06.2024, 11:03 557
Бауыр еті балаларын ажал құштырған ана 15 жылға сотталды
informburo.kz

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға сот үкімі шықты

*ТҮРКІСТАН, * – Түркістан қаласында ақпан айында болған жантүршігерлік оқиға бойынша сот үкімі шықты. Екі баласын тұншықтырып өлтірген Бота Хамитқызы 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, сотталушы үкіммен келіспей отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Соттың соңғы отырысына жәбірленуші тарап, яғни балалардың әкесі, қатысқан жоқ. Айып актісіне сәйкес, Шиелі ауданында бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істеген 30 жастағы келіншек күйеуіне ренжіп, Түркістан қаласына келген. Алдымен ұлы мен қызын ойын орталығына апарып, кейін жалдаған пәтерге әкеліп, оларды ұйықтатып, тұншықтырып өлтірген. Осыдан кейін Шымкент қаласына қашып кеткен.

Психиатриялық сараптама қорытындысы

Психиатриялық сараптама нәтижесінде әйелдің ақыл-есі дұрыс екені анықталды. Сараптама алтыншы наурызда басталып, төртінші сәуірде аяқталған. 29 күндік бақылаудан кейін мамандар осындай қорытындыға келген.

«Сараптама алтыншы наурызда басталып, төртінші сәуірде аяқталды. 29 күн бойы толық бақылаудан өтті. Мамандар осындай қорытындыға келді, яғни есі дұрыс деген жауап берді», - деп мәлімдеді Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшіліктің назарын аударды. Сот үкімі әділ болу үшін барлық қажетті сараптамалар мен дәлелдер қаралып, тиісті шешім қабылданғаны мәлімделді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #ана #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.