ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Баум тоғайында абаттандыру жұмыстары аясында бірде...

Баум тоғайында абаттандыру жұмыстары аясында бірде-бір ағаш кесілмейді

Алматы 06.10.2025, 10:31 478
Баум тоғайында абаттандыру жұмыстары аясында бірде-бір ағаш кесілмейді
Алматы әкімдігі
Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасына қарасты «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы Баум тоғайында 104 429 ағаш және 5081 бұта бар екенін хабарлайды.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасына қарасты «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы Баум тоғайында 104 429 ағаш және 5081 бұта бар екенін хабарлайды.

Олардың барлығы мемлекеттік орман қоры санатына жатады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың бір бөлігі, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен ҚР АШМ Орман шаруашылығы ғылыми-инновациялық институты жүргізген түгендеу деректеріне сәйкес, сау екпелер – 55%, әлсіреген – 23%, өсімі тежелген – 12%, қурау бастағандар – 8%, қурап біткен және апатты жағдайдағысы – әрқайсысы 1%. Осылайша, апатты жағдайдағы ағаштардың үлесі жалпы санының 9%-дан сәл ғана асады. Бұл БАҚ-та бұрын таралған «48% ағаш кесіледі» деген ақпаратты жоққа шығарады.

Сонымен қатар 2026 жылы аумақты абаттандыру аясында тоғайдың жасыл қорын нығайту және табиғи шығындарды өтеу үшін мыңнан астам жаңа ағаш отырғызу бағдарламасы іске асырылады.

Ағаштарды санитарлық сауықтыру – бұл ауру, қурап қалған және зақымданған бұтақтарды кесу, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес бойынша кешенді іс-шара. Негізгі әдістері: санитарлық мақсатта кесу, екпелерді өңдеу және ағаш діңінің айналасын алдын алу тазалау. Бұл шаралар ағаштардың саулығын, пішінін және  ұзақ тіршілік етуді сақтауға бағытталған.

Тоғайдағы жұмыстар табиғи ортаға барынша аз араласу қағидатымен атқарылады. Абаттандыруда цемент-бетон бұйымдарын қолданбай, экологиялық материалдар пайдаланылады. Экологиялық жүргінші жолақтары мен энергоүнемдегіш жарықтандыру орнатылады, сондай-ақ келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция бекеттері мен бейнебақылау жүйелері қарастырылады.

Тоғайды қалпына келтіру жұмыстары қатар жүруде. 2023 жылы еріктілер Сиверс алмасы мен жапырақты тұқымдардың 1430 көшетін, 2024 жылы емен, шырша және өрік ағаштарының 720 көшетін отырғызды. Жұмыс еріктілер мен демеушілер есебінен, бюджет қаражатын тартпай жүзеге асырылуда.

Осылайша, Баум тоғайындағы барлық іс-шара тек бірегей табиғи аумақты сақтау, сауықтыру және қалпына келтіруге бағытталған. Мақсат – тоғайдың Алматы тұрғындарының сүйікті демалыс орны әрі қаланың жасыл нышаны болып қала беруін қамтамасыз ету.

Қала тұрғындары мен БАҚ өкілдерін тек ресми әрі тексерілген дереккөздерге - Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметтеріне, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының ақпараты және жобаға қатысушы ғылыми институттардың деректеріне сүйенулеріңізді сұраймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.