AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Баум тоғайын абаттандыру жобасында ағаш кесілмейді

Баум тоғайын абаттандыру жобасында ағаш кесілмейді

Барлығы 26.10.2025, 14:10 550 dulatbekova
Баум тоғайын абаттандыру жобасында ағаш кесілмейді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абаттандыру нәтижесінде Баум тоғайында жасыл желек көлемі ұлғаяды
 
Алматыда Баум тоғайының аумағын абаттандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Негізгі мақсат - ерекше экожүйе ретінде қалыптасқан бұл тоғайдың табиғи келбетін барынша сақтай отырып, қала тұрғындары үшін жайлы демалыс аймағын қалыптастыру және жасыл қорды сақтау мен күшейту.


 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Орман ғылыми-инновациялық институты жүргізген түгендеу нәтижелеріне сәйкес, тоғай аумағында 104 мыңнан астам ағаш бар. Оның ішінде 55%-ы – сау, 23%-ы – әлсіреген, 12%-ы – әлсіз күйде, 8%-ы – қурай бастаған, ал қурап кеткен және апатты жағдайдағы ағаштар – шамамен 1%. Жалпы алғанда, апатты және ауру ағаштардың үлесі 9%-дан асады.
 
Осыған байланысты тоғайда санитарлық тазарту және ағаштарға күтім жасау жұмыстары жүргізілуде. Қураған және ауру ағаштарды кесу тек іріктеп, экожүйені сау күйінде сақтау, аурулардың таралуына жол бермеу және орнықты жасыл қор қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады. Баум тоғайында жасыл желек көлемі ұлғаяды.


 
Алматыда Керісінше, 2026 жылы мыңнан астам жаңа ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бұл табиғи шығынның орнын толтырып қана қоймай, жалпы жасыл алқаптың көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
 
Алматыда Баум тоғайының аумағын абаттандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаны іске асыру мерзімі  - 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың мамырына дейін.
 
Абаттандыру барысын бақылауды Алматы қаласының «Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау жүзеге асырады. Жұмыс экологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі – нысанның экологиялық қауіпсіздігі мамандардың тұрақты бақылауында.
  
Дайындық жұмыстары барысында кейбір ағаштардың қабығы зақымданғаны тіркелген. Алайда бұл жағдайлар қайтымды сипатта және тоғайдың экожүйесіне қауіп төндірмейді. Зақымданған жерлер дер кезінде дәріленіп, арнайы қорғау құралдарымен қалпына келтірілуде.
 
Абаттандыру кезінде экологиялық таза материалдар пайдаланылады, цемент пен бетон бұйымдары қолданылмайды. Жоба аясында табиғи гравийліжабын төселіп, халықаралық стандарттарға сайэкологиялық жүргіншілер жолдары салынады. Сондай-ақ, энергия үнемдейтін жарықтандыру шамдары, полиция пункті мен бейнебақылау орнатылып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
 
Жоба ашық диалог негізінде жүзеге асырылуда. Көпшілік тұрғындар жүргізіліп жатқан жұмыстарды қолдайды. Сонымен қатар, экологиялық ұйымдар мен белсенді азаматтармен бірнеше рет кездесу өткізіліп, олардың ұсынысымен пікірі егжей-тегжейлі қарастырылды.
 
Бұдан бөлек, қала тұрғындары арасынан құрылған бастамашыл топ Баум тоғайындағы абаттандыру барысын апталық негізде бақылап отырады. Мұндай ынтымақтастық форматы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етіп, жобаны жүзеге асыру барысында қала тұрғындарының пікірін ескеруге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Баум тоғайы #абаттандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);