конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Батыс Қазақстанда су тасқынынан 1 адам көз жұмды

Батыс Қазақстанда су тасқынынан 1 адам көз жұмды

Оқиға 17.03.2023, 18:11 1,423
Батыс Қазақстанда су тасқынынан 1 адам көз жұмды
Сурет: Ашық дереккөз

Екі адам Ақсай қаласы жағына қарай трактормен жолға шыққан


Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылынан 11 наурыз күні сағат 19.00-де 1984 және 1977 жылғы екі ер адам Ақсай қаласына қарай трактормен шыққан.


14 наурыз күні сағат 17.17-де олардың жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен. Сол кезде Бөрлі ауданында су тасқыны орын алғаны мәлім. Сағат 23.25-те Ақсай қаласынан ҚПО б.в. компаниясының жол талғамайтын көлігі іздеуге шыққан. Алайда жол болмағандықтан, сағат 03.00-де іздеу тоқтатылған.


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері Дариға Мәжитованың айтуынша, аталған ер адамдар Ақтау ауылына жәрдем беруге барып, кері қайтқан кезде, трактор балшыққа батып қалған. Біреуі көмек іздеп кеткен де, екіншісі, 1984 жылғы ер адам, аяғы ауырғандықтан, күтіп қалған.



«15 наурыз күні Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылынан 9 шақырым жерде ашық даладан 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ. Аталған дерек адам өлімі ретінде тіркелді. Сараптама жүргізілуде. Бастапқы себебі – суға кеткен», - деді Д.Мәжитова.



БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, екінші ер адам Бөрлі аудандық ауруханасының терапевтік бөлімшесінде жатыр. Оң жақ өкпесі қабынған. Жағдайы орташа ауыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҚО #су тасқыны #қаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);