Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Батыс Қазақстанда да қауіп сейілер емес - 22 ауылд...

Батыс Қазақстанда да қауіп сейілер емес - 22 ауылды су басуы мүмкін

Әлеумет 31.03.2024, 11:14 1,076
Батыс Қазақстанда да қауіп сейілер емес - 22 ауылды су басуы мүмкін
Сурет: Қазталов ауданы әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында Казталов ауданындағы елді мекендерге су басу қаупі туындады.



БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қараөзен мен Сарыөзенде су деңгейінің көтерілуіне байланысты барлығы 22 ауылға қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




«Қазіргі уақытта Қараөзенге Ресейдің Саратов облысындағы Орел-Гай су қоймасынан секундына 408 текше метр, Дмитриевтен 325 текше метр, Приузеннен 372 текше метр су жіберілуде. Аталған су қоймаларынан аққан су Казталов ауданы аумағымен өтеді. Сол секілді Варфоломеев су қоймасы 105,6 пайызға толған. Бұдан Сарыөзенге секундына 100 текше метр су босатылуда. Өзен бойында 2500 қап төселіп, жағалауды бекіту, суды жайылмаларға ағызу жұмыстары жүргізілуде. № 1 Казталов су қоймасына шлюз ашылды. Су деңгейі күрт көтерілген жағдайда № 2 Казталов және Мамай су қоймаларының шлюздері ашылады. Күні бүгін әр елді мекенде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Аудан бойынша 3080 адамға арналған 37 эвакуациялық қосын әзірленді» деп хабарлады ведомстводан. 




«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша Қараөзеннің Жалпақтал ауылы тұсындағы деңгейі 741 сантиметрге (қауіпті шегі — 790-820 см) жетті.


Сондай-ақ Сарыөзеннің деңгейі Қошанкөл ауылы тұсында — 750 (1200-1300), Бостандықта 400 (600 см) сантиметрді көрсетті.


Өңірде Шаған, Деркөл және Жайық өзендері де көтерілу үстінде.


Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін аудан әкімі Асланбек Сарқұлов су тасқынының алдын алу шараларына байланысты жедел штаб отырысын өткізді.


Жиында су басу қаупі бар ауылдар мен елді мекендерге ауыр техника мен жұмыс күші жұмылдырылғаны айтылып, басқа да мәселелер пысықталып, тиісті тапсырмалар берілді.




«Иә, екі өзеннен де су келіп жатыр. Барлық қауіпсіздік шаралары алынуда» деді Kazinform тілшісіне А.Сарқұлов.




Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында саяжай тұрғындарын көшіру басталғанын жазған болатынбыз. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Батыс Қазақстан #су тасқыны #қауіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.