конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Батырды еске алды

Батырды еске алды

Әлеумет 02.03.2022, 05:14 1,628
Батырды еске алды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әскери-техникалық мектебінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының батыры, гвардия старшинасы Ысқақ Уәлиевті еске алуға арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты патриоттық акция өтті.


Шараға әскери-техникалық мектептің курсанттары, батырдың немерелері мен шөберелері, «Атамның Аманаты» қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы Назым Арзымбетова қатысты.


Ысқақ Уәлиев 1902 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Соғыс кезінде ол 238-ші атқыштар дивизиясының 94-ші гвардиялық атқыштар полкінде қызмет етті. Ол басқарған мергендер бөлімшесі шайқастарда бірнеше рет ерекшеленді. Батыр екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.  



1943 жылы Қазақстаннан шыққан Қызыл әскердің ерлігі мен батылдығы туралы республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде мақала жарық көрді. Ал 1944 жылдың мамыр айында Ұлы Жеңіске бір жыл жетпей, Ысқақ Уәлиев майданда алған жарақатынан көз жұмып, Калинин облысына жерленеді. Майдангердің артында әйелі мен төрт баласы қалды.



Шара кезінде «Атамның Аманаты» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Назым Арзымбетова Ысқақ Уәлиевтің немерелеріне Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ жауынгерінің ерліктері туралы мақалалары бар майдандық газеттерді табыс етті.


Батырдың немересі Ержанова Мадина ұйымдастырушыларға өз алғысын білдіріп, әскери-техникалық мектептің курсанттарына өз ісінің білікті маманы, патриот және еліміздің сенімді қорғаушысы болуды тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Батыр #Уәлиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);