конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Батыр балаларды министр марапаттады

Батыр балаларды министр марапаттады

Білім және ғылым 07.04.2023, 22:25 1,277
Батыр балаларды министр марапаттады
сурет: bilimdinews.kz

Оқушылар өздері үлгі тұтатын тұлғалармен кездесті.


Елдің әр өңірінде адам өміріне араша түсіп, ажалдан құтқарған мектеп оқушыларын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанаға шақырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін елордаға Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан 11 оқушы келді. Олар төтенше жағдай кезінде батыл әрекет жасап, ондаған адамның өмірін сақтап қалды. Батыр балалардың ең кішкентайы – сегіз жасар Нұриден Амантай. Ол өрт ортасынан қарындасын аман алып шықты. Әмірхан Абай, Нұрболат Ермағамбет және Сұлтан Малқаджар суға батып бара жатқан досын құтқарса, тоғыз жасар Жансерік Әлім өрт кезінде қарындастары мен інісіне көмек көрсетті. Оразали Зиноллаев, Саян Еспул, Марал Ганиев және Нұрполат Нұркелді балаларды судан алып шықты.


Балаларды Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алғыс хаттармен марапаттады.



«Адам өмірін құтқару - үлкен ерлік. Біздің мектеп оқушыларының арасында өзгелерге үлгі боларлық өжет, ержүрек, батыл балалардың бар екендігі мақтаныш. Осындай азаматтар тәрбиелегені үшін ата-аналарыңыз бен мұғалімдеріңізге алғыс айтамын», - деді Ғани Бейсембаев.



Кездесуге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, қазақстандық дзюдошы және самбист Руслан Сейлханов қатысты. Батыр балалар мен олардың ата-аналарына министр Алғыс хат, энциклопедия, спорттық жабдықтар және лагерьге жолдамалар табыстады.


Оқушылар сондай-ақ Астананың көрікті жерлерін аралады, өздері үлгі тұтатын тұлғалармен кездесті. Олардың қатарында бокстан әлем чемпионы және Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары бар.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқу-ағарту министрлігі #білім #адам өмірін құтқарған балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08

Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай?

Бүгін 20:59

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);