ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / «Бастау» кинофестивалінде Макс Акбаровтың дебюттік...

«Бастау» кинофестивалінде Макс Акбаровтың дебюттік режиссерлік жұмысы көрсетілді

Мәдениет 14.12.2023, 05:56 1,257
«Бастау» кинофестивалінде Макс Акбаровтың дебюттік режиссерлік жұмысы көрсетілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 
«Бастау» кинофестивалі аясында «Арман» кинотеатрында Макс Акбаровтың «Дала» атты фильмінің қазақстандық премьерасы өтті. Атақты продюсер және актердің дебюттік режиссерлік жұмысы Bastau Debuts...

«Бастау» кинофестивалі аясында «Арман» кинотеатрында Макс Акбаровтың «Дала» атты фильмінің қазақстандық премьерасы өтті. Атақты продюсер және актердің дебюттік режиссерлік жұмысы Bastau Debuts байқауына қатысуда.


Картина Қазақстан даласындағы браконьерлермен күреске түскен табиғатты қорғау инспекторларының оқиғасын баяндайды. Фильм 2019 жылы браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза тапқан инспекторлар Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновты еске алуға арналған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Фильм көп уақыттан бері халықаралық көрмелерді аралап жүр – «Даланы» бүкіл әлем бойынша 20-ға жуық кинофестивальдің көрермендері бағалап үлгерді. Әзірше авторлардың қоржынында 11 жүлде бар. Енді міне кино отандық кино сүйер қауымға да жетті.




«Бұл әлеуметтік маңызы бар фильм, біз оны кинофестивальдерге барады деп ойлаған жоқпыз. Түсірілімнің өзі өте қызықты, ерекше болды, әсіресе мен үшін – себебі бұл менің режиссерлік дебютім. Қиын сәттер де болды, біз қыста минус 47 градуста түсірдік, боран болды, далада бірнеше сағатқа актерларымыз адасып кетті. Жазда плюс 50-де түсірілді, онға жуық көлік бұзылды. Экшн көп болды. Осындай экстремалды кадрлардың арқасында біз Лондондағы «International MOTOR AWARDS» кинофестиваліне қатыстық, онда соңғы «Форсажбен» «үздік каскадерлік трюктер» номинациясында болдық», - деді дебютант Макс Акбаров.



73 минуттық қысқа хронометражға қарамастан, картинада өте мықты актерлік құрам. Кадрдың әр шаршы метрі үшін Дәурен Серғазин, Ержан Түсіпов, Төлепберген Байсақалов, Ерболат Алкожа, Нышанбек Жұбанаев, Сергей Уфимцев, Ержан Жарылқасынұлы, Сейдулла Молдаханов және атақты ресейлік актер Сергей Гармаш секілді танымал актерлер күреседі.



Басты рөлді орындаушы Сейдулла Молдаханов түрлі кинофестивальдерде үш марапатқа ие болды, ал Акбаровтың өзі қазан айының басында XV Ташкент халықаралық кинофестивалінде «Үздік дебют» жүлдесіне ие болды.


Туынды Ақмола және Қостанай облыстарында түсірілген, оның бюджеті шамамен 180 миллион теңгені құрайды. Фильм келесі жылы прокатқа шығады деп күтілуде.



Ал 14 желтоқсан күні кешке фестиваль қонақтарын тағы екі қазақстандық премьера –  Дәулетжан Махмұттың «Глобус» және Нариман Туребаевтың «Ол шайнекті сатып алды» фильмдері және Айсұлтан Сейітовтың «Қаш» фильмінің арнайы көрсетілімі күтеді.


Фестиваль дәстүрлі түрде Tanaris Production және A-Team кинокомпанияларымен Алматы қаласы әкімдігінің және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.