AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Басқару жүйесі жеңілдейді, жауапкершілік күшейеді 

Басқару жүйесі жеңілдейді, жауапкершілік күшейеді 

Барлығы 11.08.2025, 12:45 552 Сұлу
Басқару жүйесі жеңілдейді, жауапкершілік күшейеді 
Самат Құсайынов

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігінде тұрғын үй шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиында көппәтерлі және көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жүйесінде елеулі өзгерістер болатыны айтылды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Бұған дейін қолданылып келген қарапайым серіктестік нысаны жойылды. Енді тек екі басқару түрі қалады: Мүлік иелері бірлестігі (МИБ), Тікелей бірлесіп басқару (ТББ). Пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) мәртебесі басқару субъектісі ретінде танылып, басқарушы компаниялармен теңестіріледі. Олар МИБ-пен шарт негізінде немесе тұрғындардың жалпы жиналысы хаттамасына сәйкес жұмыс істейді.
Әрбір үй үшін жеке банктік шот ашу міндеттеледі.

Шот ашу және есеп беру мерзімдерін бұзғандарға жауапкершілік күшейтіледі. МИБ, ПИК және басқарушы компаниялар үйдің ортақ мүлкін басқару мен күтіп-ұстау қызметтерін қатар атқара алады.

Жалпы жиналыс өткізбей-ақ, электронды дауыс беру немесе жазбаша сауалнама арқылы шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

Тұрғын үй заңнамасын бұзған басқарушы тұлғаларға жеке әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Бұл өзгерістер тек тұрғын үй заңнамасына ғана емес, сонымен бірге Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық іс жүргізу, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға түзетулер енгізуді қамтиды. Жекелеген түзетулер салықтық әкімшілендіру және жаппай декларациялаудан бас тарту мәселелеріне қатысты.

Жаңа заң көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда тиімділікті, ашықтықты және жауапкершілікті арттырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілі Жандос Маратұлы тұрғын үй саладағы өзгерістер туралы айтып берді.

– Жуырда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бірқатар нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заң 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Жаңа ережелер тұрғындардың өз үйлерін басқаруға белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пәтер иелері кооперативтері (ПИК) де жұмысын жалғастыра отырып, жаңа форматта қызмет атқарады, – деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #басқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);