ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Баспанада тұруға және одан шығаруға қатысты даула...

«Баспанада тұруға және одан шығаруға қатысты дауларды тек сот шешуі тиіс» – Артур Ластаев

Заң мен тəртіп 10.02.2026, 16:53 121
«Баспанада тұруға және одан шығаруға қатысты дауларды тек сот шешуі тиіс» – Артур Ластаев
интернет
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол Ата Заңда сот шешімінсіз тұрғын...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол Ата Заңда сот шешімінсіз тұрғын үй құқығынан айыруға ғана емес, сондай-ақ баспанадан сот шешімінсіз шығаруға да жол берілмейтіні туралы норманы бекітуді ұсынды.

Ластаевтың айтуынша, тұрғын үй базалық құндылық ретінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіде бекітілген. Алайда оны тек мүліктік санат ретінде қарастыру – үлкен қателік.

«Адам үшін ең маңыздысы не? Ол ешбір себепсіз баспанасынан қуылып кетпейтініне сенімді болғысы келеді. Конституцияда тұрғын үй құқығын қорғау кепілдіктерін бекіту еліміздің әлеуметтік әрі құқық қорғау сипатын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұлжытпай сақталатынын айғақтайды. Бұл біз үшін аса маңызды. Өйткені мемлекет рәміздер үшін емес, оның құрамындағы әрбір адам үшін өмір сүреді. Адамға бағдарлану биліктің әрбір шешімі мен іс-әрекетінен көрініс табуы тиіс», – деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Ол сондай-ақ жаңа Конституция жобасы қоғамның нақты сұраныстарын ескере отырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың анағұрлым орнықты әрі ашық жүйесін қалыптастыратынын атап өтті. Бұл құжатты жалпыұлттық талқылауға және референдумға шығаруға мүмкіндік береді.

«Жаңа Конституция жобасы азаматтар күнделікті өмірде бетпе-бет келетін жағдайларды ескереді және адамның негізгі құқықтарына нұқсан келтіруі мүмкін шешімдердің алдын алуға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, ол әділеттілікке, қауіпсіздікке және адамның қадір-қасиетін құрметтеуге қатысты қоғамдық сұранысқа жауап береді. Жүргізілген жұмыстың нәтижелері мен талқылаудың ауқымын ескере отырып, ұсынылған жоба азаматтардың мүдделерін көрсететін әрі олардың күтулеріне сай келетін құжат ретінде жалпыұлттық референдумға шығарылып, қолдау таба алады», – деп атап өтті Артур Ластаев Комиссияның кезекті отырысында.

Жаңа Конституцияда адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін көшіру қажет болатын жағдайлар да қарастырылған. Сонымен қатар, заңды негіздер болған күннің өзінде барлық рәсімдердің қатаң сақталуына, соның ішінде сот арқылы қорғану мүмкіндігіне толық кепілдік беріледі.

«Баспанада тұруға және одан шығаруға қатысты дауларды тек сот шешуі тиіс. Сондықтан Конституцияда келесідей норманы бекіту ұсынылады: сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді. Біреулер бұл қолданыстағы заңдарда онсыз да бар деп айтуы мүмкін. Бірақ бұл қағиданы негізгі құқықтық құжатта бекіту оның заңды тұрақтылығын қамтамасыз етеді», – деп түйіндеді Ластаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.