AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бас прокурор қаңтар оқиғасында құрбан болғандардың...

Бас прокурор қаңтар оқиғасында құрбан болғандардың тізімі неге жарияланбай жатқанын түсіндірді

Әлеумет 14.03.2022, 06:35 1,164
Бас прокурор қаңтар оқиғасында құрбан болғандардың тізімі неге жарияланбай жатқанын түсіндірді
Сурет: Svoboda.org

Кімнің кім екені тергеу барысында зерделенеді.


Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасында құрбан болғандардың тізімі неге жарияланбай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Құрбан болғандардың тізімін біз ресми түрде жариялаған жоқпыз. Оны жариялаудың алдында құрбан болғандардың әке-шешелері мен туысқандарына қосымша қайғы әкелеміз деп ойлаймыз. Сондықтан осы мақсатта біз бұл тізімді ресми түрде жариялаған жоқпыз», - деді Бас прокурор Мәжілістің жалпы отырысында қойылған сұрақтарға берген жауабында.



Сондай-ақ, ол оқиға кезінде мерт болғандардың қандай санатқа жататыны анықталатынын айтты. 



«Ал енді 230 адам мерт болды деп айтып кеттік. Осылардың істері бойынша көптеген істер қозғадық. Адам өлу фактілері бойынша 94 факт, терроризм фактілері бойынша 46 іс қозғалды. Тергеу кезінде біз мән-жайдың бәрін тексеріп, қанша террорист, оның кім екенін, кімнің шабуыл жасаушы, кімнің бейбіт тұрғын екенін тексеріс арқылы шешім қабылдап, өзіңізге баяндаймыз», - деді Берік Асылов.



Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қайтыс болғандардың тізімін жариялауға тергеу амалдарының шектеулерінің әсері бар-жоғын сұрады. 



«Шектеулер бар. Кімнің кім екені тергеу барысында зерделенеді. Соның бәрі анықталғаннан кейін біз оны жариялай аламыз», - деді Бас прокурор.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокурор #Қазақстан #Тізім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);