ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Бас прокурор қаңтар оқиғасы туралы: Бір күнде сегі...

Бас прокурор қаңтар оқиғасы туралы: Бір күнде сегіз облыстың әкімдігіне шабуыл жасалды

Саясат 05.01.2023, 05:00 1,339
Бас прокурор қаңтар оқиғасы туралы: Бір күнде сегіз облыстың әкімдігіне шабуыл жасалды
Сурет: Inbusiness.kz
Тәртіпсіздікке қатысушылар мұны биліктің символы ретінде басып алғылары келді.

Тәртіпсіздікке қатысушылар мұны биліктің символы ретінде басып алғылары келді.


Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте қаңтар оқиғасына қатысты депутаттар сауалына жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Өткен аптада Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қаңтар оқиғасына қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары Мәжіліске келіп жауап беруін талап еткен болатын.



«Қаңтар оқиғасы бүкіл елді дүр сілкіндіріп, бәрімізге үлкен сын болды. Бүгінде қолымызда толық мәліметтер бар. Тергеу органдары оқиға хронологиясын, негізгі ұйымдастырушыларды анықтады. Олардың ішінде жоғары лауазымды адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері де болды. Барлық қаза болғандардың кім екенін, олардың қайтыс болу себептерін зерттедік. Қару-жарақты іздеу жалғасуда. Қылмыскерлерді жауапқа тартудамыз. Олардың ішінде қызмет мүддесінде опасыздық жасап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегендер де бар. Азаптау бойынша істерді аяқтап жатырмыз», - деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.



Бас прокуратура сол оқиғаларды, олардың салдарын еске салу үшін қаңтар оқиғасы туралы бейнеролик ұсынды. Бейнеролик мәліметіне сәйкес, қасіретті қаңтарда еліміз бойынша 5149 адам жараланып, 238 адам мерт болды. Олардың 19-ы – күштік құрылымдардың қызметкерлері.



«Бұл күні қасиетті Тәуелсіздігімізге орасан зор қатер төнді. Көптеген ірі қалалардың ғимараттары өртке оранып, астаң-кестең болды. Басты құндылығымыз – адам өміріне қауіп төнді. Президент қабылдаған батыл қимылдар нәтижесінде ғана елге төнген қауіп-қатердің беті қайтты. Ол күндері барлық заңнама бұзылды. Өкінішке орай, қоғамда бейбіт митинг өткізу мәдениеті қалыптаспағанын мойындауымыз қажет. Адамдар жиналып, көшеге шыққанда, бейбіт митинг туралы заңның барлық нормалары бұзылды», - деді Бас прокурор.




Оның айтуынша, ұйымдастырушылар әкімдікті хабардар етпей, мыңдаған адам жиналды. WhatsApp пен Telegram арқылы тәртіпсіздікке қатысушылардың жиналуы мен қозғалысын үйлестірген.



«Алматыда санаулы сағат ішінде бір топтың ғана ішінде қатысушылар саны 5,5 мыңға дейін көбейді. Сол сияқты Жамбыл облысында қатардағы қатысушылар саны 4 мыңға дейін өсті. Кейін тобыр әсері орын алды. Адамдар полицияның заңды талаптарын орындамай, қарсылық көрсетті, өртеді, тонады және күш қолданды. Бұл үшін Алматыда арнайы көрші облыстардан адамдар келе бастады.Кейін жағдай ушыға түсті. Тек бір күні 5 қаңтарда 8 өңірде әкімдікке шабуыл жасалды. Тәртіпсіздікке қатысушылар мұны биліктің символы ретінде басып алғылары келді. 5 қаңтарға қараған түні шабуылдаушылар Алматы әкімдігінің ғимаратына басып кірді. Бір сағаттан кейін, Шымкенттегі әкімдік ғимаратына шабуыл басталды. Сол күні қылмыскерлер Атырау мен Қызылорда облысы әкімдіктерінің ғимаратына шабуыл жасай бастады. Шамамен сол уақытта Алматыда шабуылдаушылар әкімдікті өртеп, Президент резиденциясына қарай бағыт алды», - деді Б. Асылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.