Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бас прокуратурада бизнес мәселелері талқыланды

Бас прокуратурада бизнес мәселелері талқыланды

Әлеумет 30.09.2022, 05:22 893
Бас прокуратурада бизнес мәселелері талқыланды
www.gov.kz

Егер бұрын кәсіпкерлерге қатысты ай сайын 150-ге жуық қылмыстық іс тіркелген болса, қазір олардың саны төрт есеге азайды


2022 жылғы 29 қыркүйекте Бас прокуратурада Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, «Атамекен» ҰКП, негізгі министрліктер басшыларының, Парламент депутаттарының, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар, бизнес және адвокаттық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысының кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешу бойынша тапсырмаларын іске асыру қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап


Іс-шараны ашқан Бас Прокурор Берік Асылов қазіргі жаһандық сын-қатерлер мемлекет және кәсіпкерлер үшін де жаңа «ойын ережелерін» талап ететінін айтты. Сондықтан өзара әрекеттесудің жаңа деңгейі қажет болатынына назар аударды.


Бұл ең алдымен, бизнесті заңсыз тексерулерден және әкімшілік кедергілерді қысқартудан қорғауға, кәсіпкерлерді қылмыстық шеңберге негізсіз тарту фактілерінің жолын кесуге, сондай-ақ осы салаларды цифрландыру мен автоматтандыруға қатысты.


Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында тексерулерді 7 есеге қысқартуға қол жеткізілді.


Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (ТСОБТ) автоматтандырылған жүйе арқылы жыл сайын мыңдаған заңсыз тексерулердің жолын кеседі. Соңғы бір жарым жылда 35 мың кәсіпкерге қатысты 1,5 млрд теңгеге әкімшілік айыппұлдар алып тасталды.


Бизнес өкілдері Бас Прокурордың а.ж. 2 қыркүйектегі қылмыстық қудалау органдарының атына адал кәсіпкерлерді қылмыстық процеске заңсыз тартудан қорғайтын тетіктер мен нақты ережелер жазылған нұсқауын оң бағалады.


Жаңа талаптарды орындау қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетті.


Жалпы, биыл бизнес субъектілеріне қатысты заңсыз қозғалған 400-ден астам қылмыстық іс тоқтатылды.


Сондай-ақ, қадағалау органында бизнестің әрдайым заңнама талаптарын сақтай бермейтіні атап өтілді. Қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру, салықтан жалтару, капиталдың жылыстауы жалғасып келеді. Әсіресе, үлестік құрылыста, еңбек құқықтарын және басқа да салаларда бұзушылықтар кездеседі.



«Бизнеске қолдау көрсете отырып, мемлекет сіздердің тараптарыңыздан заңдардың мүлтіксіз орындалуына сенетініне ерекше назар аударғым келеді», - деді Берик Асылов.



Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов прокуратура органдары құрылып жатқан экожүйенің маңызды бөлігі, ал кәсіпкерлер мен негізгі министрліктердің қадағалау органы алаңында кездесуі прокуратура органдарының бірлескен диалогқа ашық екендігінің тағы бір дәлелі екенін жеткізді.


Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов прокуратура органдарымен тиімді ынтымақтастық туралы баяндады. Бизнес-омбудсмен оларды шешу үшін аумақтық прокурорларды жұмылдыруды қажет ететін кәсіпкерлердің бірқатар проблемаларын ортаға салды.


Прокуратура органдары мен бақылаушы органдар жұмысының жаңа форматы туралы депутаттар мен адвокаттар қоғамдастығының өкілдері өз көзқарастарын білдірді.


Кездесу соңында бизнесті қорғау бойынша 2023 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары қабылданды.


 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокуратура #қауіпсіздік #кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.