Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасына жеңіл...

Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасына жеңілдік жасап, сауапты амал жасауға шақырды

Әлеумет 28.03.2022, 10:13 1,188
Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасына жеңілдік жасап, сауапты амал жасауға шақырды
Сурет: 24.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында азық-түлік бағасына жеңілдік жасауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


«Рамазан айында адамдарға көп жақсылықтар және мүмкіндіктер беріледі. Бұл туралы ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл айда жәннат есіктері ашылады», «Ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі» деген сүйінші хабар жеткізген. Ендеше, қасиетті айда көбірек сауапты амал жасауға асығайық, ағайын! Ата-анамыздың, қазыналы қарттарымыздың дұғасы мен алғысын алуға тырысайық!» - деді Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Сондай-ақ, бас мүфти қазақстандықтарды мүмкіндікке қарай, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, науқастың көңілін сұрап, сауап алуға шақырды.



«Осы ретте кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырамын. Біз қашан да өзгелерге қайырымдылық жасап, айналамызға шуағымызды төгіп, шарапатымызды тигізіп, адамның алғысын алып өсіп-өнген елміз. Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бас мүфти #азық-түлікке жеңілдік #ұсыныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.